https://sputnik.kz/20251116/shymkenttik-darigerler-algash-ret-kokbauyrga-tiliksiz-ota-zhasaldy-58823995.html
Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет көкбауырға тіліксіз ота жасады
Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет көкбауырға тіліксіз ота жасады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда науқастың көрсеткіштері қалыпқа түсіп, амбулаторлық бақылауға алынған 16.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-16T18:22+0500
2025-11-16T18:22+0500
2025-11-16T21:25+0500
шымкент
операция
дәрігер
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a14ba9aa1ae67b96e388563160da2025.jpg
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана дәрігерлері алғаш рет эндовидеолапароскопиялық спленэктомия отасын сәтті орындады. Бұл – үлкен тілікcіз, арнайы бейнеқұралдардың көмегімен жасалатын заманауи, дәл әрі қауіпсіз әдіс, деп хабарлайды Otyrar.kz.Ауруханаға қараша айының басында жеткізілген науқас бала кезінен тұқым қуалайтын микросфероцитозбен (Минковский–Шоффар синдромы) ауырған. Соңғы уақытта 35 жастағы азаматтың жағдайы нашарлап, сарғаюы күшейе түседі. Ағзадағы көрсеткіші жоғарылап, әлсіздік мазалайды.Ауырған көкбауырды алып тастап, науқасқа тікелей төнген қауіптің бетін алды. Қазіргі таңда науқастың көрсеткіштері қалыпқа түсіп, амбулаторлық бақылауға алынған.Бұл әдістің артықшылықтары:
https://sputnik.kz/20251018/qazaqstan-men-ozbekstan-khirurgtary-robottyn-komegimen-birlesken-ota-zhasady-58016991.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/275/47/2754790_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_98ac88987988f83c83e2ac43949d2452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, операция, дәрігер
шымкент, операция, дәрігер
Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет көкбауырға тіліксіз ота жасады
18:22 16.11.2025 (жаңартылды: 21:25 16.11.2025) Қазіргі таңда науқастың көрсеткіштері қалыпқа түсіп, амбулаторлық бақылауға алынған
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана дәрігерлері алғаш рет эндовидеолапароскопиялық спленэктомия отасын сәтті орындады. Бұл – үлкен тілікcіз, арнайы бейнеқұралдардың көмегімен жасалатын заманауи, дәл әрі қауіпсіз әдіс, деп хабарлайды
Otyrar.kz. Ауруханаға қараша айының басында жеткізілген науқас бала кезінен тұқым қуалайтын микросфероцитозбен (Минковский–Шоффар синдромы) ауырған. Соңғы уақытта 35 жастағы азаматтың жағдайы нашарлап, сарғаюы күшейе түседі. Ағзадағы көрсеткіші жоғарылап, әлсіздік мазалайды.
"Гематолог мамандар науқастың жағдайын тексеріп, көкбауырды алып тастау қажет деген шешім қабылданды. Арнайы дайындықтан кейін хирургтар бұл отаны алғаш рет тіліксіз әдіспен жасап шықты", - деп жазды портал.
Ауырған көкбауырды алып тастап, науқасқа тікелей төнген қауіптің бетін алды. Қазіргі таңда науқастың көрсеткіштері қалыпқа түсіп, амбулаторлық бақылауға алынған.
Бұл әдістің артықшылықтары:
тілік жасалмайды, ауырсыну аз болады;
науқас тез қалпына келіп, күнделікті өмірге ерте оралады.