Тоқаев Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашуды ұсынды

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
Тоқаев Токиодағы БҰҰ университетінде дәріс оқыды
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінде дәріс оқыды, деп хабарлады Ақорда.
Президент айтулы оқу орнында аймақтағы елдер арасынан алғашқы дәріс оқыған мемлекет басшысы атану зор мәртебе екендігін айтты.
"Біріккен Ұлттар Ұйымы менің өмірімде ерекше орын алады. Өйткені осы Ұйымда Бас хатшының орынбасары және Женевадағы өкілдіктің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымдарын атқару бақытына ие болдым", – деді Тоқаев.
Тоқаев "Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы" тақырыбында дәріс оқыды.
Ол әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдіріп, әділетті әрі тұрақты әлем құру жөніндегі ой-пікірімен бөлісті.

"Стратегиялық сенімнің жаңа мәдениеті халықаралық ынтымақтастық пен ұжымдық шешім қабылдау үдерісінің негізі болуға тиіс. Осы ретте Қазақстан аталған қағидаттарды Азиядағы өзара сенім шаралары жөніндегі кеңес пен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі секілді алаңдар арқылы үнемі ілгерілетіп келеді. Бүгінгі сын-қатерлерге бірде-бір мемлекет жалғыз өзі төтеп бере алмайтыны рас. Бұл орайда БҰҰ халықаралық қатынастарды реттейтін әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек", – деді президент.

Тоқаев Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келетінін айтты.

"Қазақстан жақын көршілері – Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия елдерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді. Біз бұл тату көршілікті Қазақстанның тұтас Еуразиядағы сенім мен өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін стратегиялық артықшылығы деп білеміз. Жапонияның Қазақстан үшін маңызы зор. Сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың мүмкіндіктеріне жол ашу мақсатында достығымыз бен қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз", – деді президент.

Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды.
Ол Қазақстанның БҰҰ университеті мен еліміздегі жетекші жоғары оқу орындары арасында бірлескен зерттеу жүргізу, академиялық тәжірибе алмасу және маман даярлау бойынша институционалдық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының университеті – БҰҰ Бас Ассамблеясы құрған жаһандық зерттеу және білім беру орталығы. Штаб-пәтері Токиода орналасқан университет құрамына әлемнің 12 еліндегі 13 институт кіреді.
Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңалықтар
0