Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді
Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
Кездесуде Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді.
Олар Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды.
"Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды. Кездесуде Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды", - деп жазды Ақорда.
Бұл жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, шаһарды басқару тиімділігін арттырумен қатар орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.
© Photo : АкордаКездесуде Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Аким Астаны Женис Касымбек и губернатор Токио Юрико Коикэ подписали Меморандум о взаимопонимании между столицами Казахстана и Японии - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Кездесуде Қазақстан мен Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
Президенттің қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Жапония премьер-министрінің офисінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичимен кездесті
Жаңалықтар
0