Шығыс Қазақстан облысының әкімі автобусқа мініп, жолаушылармен сөйлесті

© Sputnik / Санат ИмангалиевАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
Ол қала әкімі Алмат Ақышовқа автобусқа отырып, тұрғындармен тілдесіп отыру керектігін айтты
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қаладағы қоғамдық көліктің жұмысын тексерді.
Ол осы мақсатта тіпті автобусқа отырып, тұрғындардың пікірін білді.

"Автобус қатынасының жақсарғаны айтылды, алайда бұл бағыттағы бақылау жалғасады", - дейді Сақтағанов.

Өз кезегінде қала әкімі Алмат Ақышовқа автобусқа отырып, тұрғындармен тілдесіп отыру керектігін айтты.
"Автобустар қалай жүріп жатқанын біліңіз. Қандай мәселелер бар екенін анықтаңыз. Ешкімге айтпастан, жария етпей тексеріп біліңіз, автобуспен жүріп көріңіз", - деді облыс басшысы.
Жолаушылар автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Астанада үш жаңа автобус бағдары іске қосылды
Жаңалықтар
0