Астанада үш жаңа автобус бағдары іске қосылды

© Photo : Пресс-служба акима Астаны Жолаушылар автобус
Жолаушылар автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2025
Жазылу
Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысандар арқылы жүреді
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Бүгін Астанада жолаушылар тасымалдайтын автобустардың жаңа үш бағдары іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "CTS" компаниясына сілтеме жасап.
Жаңа бағдарлар бағыттары:
№ 65 бағдар – Болашақ көшесі– "Отау" шағын ауданы;
№ 68 бағдар - "Газмашаппарат" АҚ – "Бағыстан" тұрғын үй кешені;
№ 78 бағдар - Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығы – № 64 мектеп-лицейі.

"Жаңа бағдарлар елорданың бірқатар маңызды нысандар арқылы жүреді. Мысалы, № 65 бағдар жаңадан ашылған С. Шаймерденов көшесімен қатынайды, ал №68 бағыты "Бағыстан" тұрғын үй кешенін қаланың оң жағалауымен байланыстырып, К.Әзербаев және М. Жұмабаев көшелерін қоғамдық көлікпен қамтамасыз етеді", - дейді компания мамандары.

Жаңа бағыттардың қозғалыс сызбаларын Avtobys қосымшасынан көруге болады.
Пассажиры в салоне автобуса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Астанада автобуста бұрыш баллонын қолданған жолаушы қамауға алынды
Жаңалықтар
0