Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді

© Photo : КНБ КазахстанаҚазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Жазылу
Көліктен есірткі заттары салынған 36 қап табылған
АСТАНА, 19 желтоқсан - Sputnik. Жамбыл облысының ҰҚК шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Айша-бибі" өткізу пунктінде қылмыстық жүк табылған.
Техникалық құралдардың көмегімен көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды. Олардың кейбіреулерінде "999" таңбасы болған.
© Photo : КНБ КазахстанаҚазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
КНБ пресек наркоканал в Жамбылской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
"Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды. Оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг", - дейді шекара қызметі.
Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2025
Күш құрылымдарының қызметкерлері сотталушыға АҚШ-тан есірткі тасымалдауға көмектескен
Жаңалықтар
0