https://sputnik.kz/20251028/uqk-zhane-iim-qyzmetkerleri-sottalushyga-aqsh-tan-esirtki-tasymaldauga-komektesken-58260349.html
Күш құрылымдарының қызметкерлері сотталушыға АҚШ-тан есірткі тасымалдауға көмектескен
Күш құрылымдарының қызметкерлері сотталушыға АҚШ-тан есірткі тасымалдауға көмектескен
Sputnik Қазақстан
Соттың санкциясымен 5 пәтерге, 3 құрылысқа, 10 жер учаскесіне және 44 автокөлік құралына тыйым салынды 28.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-28T17:00+0500
2025-10-28T17:00+0500
2025-10-28T18:11+0500
ішкі істер министрлігі
есірткі контрабандасы
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_d00b34228e9a99484e1bad605824b910.jpg
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Алматы қаласының арнайы прокурорлары есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Бас прокуратура.Ведомствоның мәліметінше жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан адам АҚШ-тан Алматыға есірткі құралы – марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды.Қылмыстық әрекетке ұйымдастырушылар, кураторлар, қамқоршылар, дропперлер, жасырын белгілеушілер және өлшеп ораушылар тартылған.20 күдікті, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының 2 қызметкері және қылмыстық топтың қызметіне қамқорлық көрсеткен ҚР ІІМ ҚАЖК-нің 3 қызметкері ұсталды. Айыпталушыларға есірткі заттарын тасымалдап, сатқаны, сондай-ақ лауазымдық қылмыс жасағаны үшін айып тағылды.Қылмыстық іс Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/26/7852617_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_673503435891cdd564218c12645f877c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, есірткі контрабандасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті
ішкі істер министрлігі, есірткі контрабандасы, ұлттық қауіпсіздік комитеті
Күш құрылымдарының қызметкерлері сотталушыға АҚШ-тан есірткі тасымалдауға көмектескен
17:00 28.10.2025 (жаңартылды: 18:11 28.10.2025) Соттың санкциясымен 5 пәтерге, 3 құрылысқа, 10 жер учаскесіне және 44 автокөлік құралына тыйым салынды
АЛМАТЫ, 28 қазан – Sputnik. Алматы қаласының арнайы прокурорлары есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Ведомствоның мәліметінше жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан адам АҚШ-тан Алматыға есірткі құралы – марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды.
Қылмыстық әрекетке ұйымдастырушылар, кураторлар, қамқоршылар, дропперлер, жасырын белгілеушілер және өлшеп ораушылар тартылған.
"Жедел іс-шаралар нәтижесінде "Жетісу" кеден бекетінде салмағы 43 кг құрайтын марихуана мен каннабис сығындысы салынған 25 сәлемдеме тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды", - деп жазылған хабарламада.
20 күдікті, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының 2 қызметкері және қылмыстық топтың қызметіне қамқорлық көрсеткен ҚР ІІМ ҚАЖК-нің 3 қызметкері ұсталды. Айыпталушыларға есірткі заттарын тасымалдап, сатқаны, сондай-ақ лауазымдық қылмыс жасағаны үшін айып тағылды.
"Заңсыз қызметтен алынған табысқа күдіктілер жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін және автокөлік құралдарын сатып алған. Соттың санкциясымен 5 пәтерге, 3 құрылысқа, 10 жер учаскесіне және 44 автокөлік құралына тыйым салынды", - дейді Бас прокуратура.
Қылмыстық іс Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.