https://sputnik.kz/20251219/qay-onir-etti-kobirek-tutynatyny-belgili-boldy---59731736.html
Қай өңір етті көбірек тұтынатыны белгілі болды
Қай өңір етті көбірек тұтынатыны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Бұл өңірлерде бір адамға шаққандағы орташа тұтыну көлемі тоқсанына шамамен 24 кг. 19.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-19T13:18+0500
2025-12-19T13:18+0500
2025-12-19T13:27+0500
ет
статистика комитеті
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58024947_0:446:2055:1602_1920x0_80_0_0_2f56cb11cbd4c37bb8ced3190d121c41.jpg
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың III тоқсанына арналған азық-түлік өнімдерін тұтыну жөніндегі деректерді жариялады.Мәліметтер халықтың тұрмыс деңгейі бойынша 11,7 мың үй шаруашылығын қамтыған іріктемелі зерттеу нәтижесінде алынған. Үй шаруашылықтарының азық-түлік тұтыну шығыстарындағы ең жоғары үлес ет және ет өнімдеріне, сондай-ақ нан мен жарма өнімдеріне тиесілі – сәйкесінше 18,3% және 7,6%. Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында, сондай-ақ, Жетісу, Қарағанды және Ақмола облыстарында байқалған.Бұл өңірлерде бір адамға шаққандағы орташа тұтыну көлемі тоқсанына шамамен 24 кг. Ал ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласында тіркеліп, бір адамға шаққанда тоқсанына 16,1 кг болды. Балық өнімдерін ең көп тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында байқалып, көрсеткіш 5,8 кг құрады. Сүт және сүт өнімдерін тұтыну көлемі Ақмола облысында жоғары – бір адамға тоқсанына 83,1 кг. Ал көкөністер мен жемістерді ең көп тұтынатын өңір – Алматы қаласы, тиісінше 30,76 кг және 36,9 кг. Жалпы алғанда, 2025 жылдың III тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерін орташа тұтыну көлемі келесідей:
https://sputnik.kz/20250708/et-satatyn-deldaldar-qylmystyq-zhazaga-tartylady---ministr-sebebin-aytty-55471512.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58024947_0:253:2055:1794_1920x0_80_0_0_a76f83a0991717924cf9207103faf510.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ет, статистика комитеті
Қай өңір етті көбірек тұтынатыны белгілі болды
13:18 19.12.2025 (жаңартылды: 13:27 19.12.2025) Бұл өңірлерде бір адамға шаққандағы орташа тұтыну көлемі тоқсанына шамамен 24 кг.
АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың III тоқсанына арналған азық-түлік өнімдерін тұтыну жөніндегі деректерді жариялады.
Мәліметтер халықтың тұрмыс деңгейі бойынша 11,7 мың үй шаруашылығын қамтыған іріктемелі зерттеу нәтижесінде алынған. Үй шаруашылықтарының азық-түлік тұтыну шығыстарындағы ең жоғары үлес ет және ет өнімдеріне, сондай-ақ нан мен жарма өнімдеріне тиесілі – сәйкесінше 18,3% және 7,6%.
Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Алматы қаласында, сондай-ақ, Жетісу, Қарағанды және Ақмола облыстарында байқалған.
Бұл өңірлерде бір адамға шаққандағы орташа тұтыну көлемі тоқсанына шамамен 24 кг. Ал ең төмен көрсеткіш Шымкент қаласында тіркеліп, бір адамға шаққанда тоқсанына 16,1 кг болды.
"Өңірлер бөлінісінде жекелеген азық-түлік түрлерін тұтыну деңгейі де әртүрлі. Нан өнімдері мен жарма бұйымдарын ең көп тұтынатын өңір – Түркістан облысы, мұнда бір адамға тоқсанына 43,4 кг келеді", - дейді бюро.
Балық өнімдерін ең көп тұтыну Солтүстік Қазақстан облысында байқалып, көрсеткіш 5,8 кг құрады.
Сүт және сүт өнімдерін тұтыну көлемі Ақмола облысында жоғары – бір адамға тоқсанына 83,1 кг.
Ал көкөністер мен жемістерді ең көп тұтынатын өңір – Алматы қаласы, тиісінше 30,76 кг және 36,9 кг.
Жалпы алғанда, 2025 жылдың III тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерін орташа тұтыну көлемі келесідей:
нан өнімдері мен жарма бұйымдары – 31,7 кг;
ет және ет өнімдері – 21,2 кг;
қант, тосап, шоколад және кондитерлік өнімдер – 11,4 кг;
балық пен теңіз өнімдері – 3,6 кг.