https://sputnik.kz/20251218/shymkentte-qaptamadagy-kofeni-garazhda-dayyndagan-zansyz-tsekh-anyqtaldy-59703630.html
Шымкентте қаптамадағы кофені гаражда дайындаған заңсыз цех анықталды
Шымкентте қаптамадағы кофені гаражда дайындаған заңсыз цех анықталды
Sputnik Қазақстан
Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған 18.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-18T19:43+0500
2025-12-18T19:43+0500
2025-12-18T19:50+0500
шымкент
кофе
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59703830_0:282:405:510_1920x0_80_0_0_6d685fb71f24d72a32fbcabbe696c387.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Антисанитариялық жағдайда "MacCoffee" 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді, деп хабарлады әділет министрлігі.Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда "MacCoffee" 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді. Әділет органдары мен полиция департаменті бірлескен жедел тексерістің нәтижесінде цех жұмысы тоқтатылды.Аталған контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан "MacCoffee" 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді.Тәркіленген контрафактілік өнім сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екені анықталды. Осы іске байланысты ер адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Тексеру материалдары одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.
https://sputnik.kz/20251203/5-zheltoqsannan-bastap-otshashudy-zansyz-satatyndarga-tekseru-bastalady-59324574.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/12/59703830_0:227:405:531_1920x0_80_0_0_424279b174fdb4b9d6c6ccd3845f4125.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, кофе, алаяқтық
Шымкентте қаптамадағы кофені гаражда дайындаған заңсыз цех анықталды
19:43 18.12.2025 (жаңартылды: 19:50 18.12.2025) Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Антисанитариялық жағдайда "MacCoffee" 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді, деп хабарлады
әділет министрлігі.
Шымкент қаласында антисанитариялық жағдайда "MacCoffee" 3/1 дайындаған заңсыз цехтың жұмысы әшкереленді. Әділет органдары мен полиция департаменті бірлескен жедел тексерістің нәтижесінде цех жұмысы тоқтатылды.
"Тез еритін кофені ер адам кәдімгі гаражда дайындаған. Күмәнді сападағы шикізат дайын қаптармен сатып алынған. Анықталған орында тез еритін дайын 3/1 кофені термотігіс арқылы ыдысқа құю, орау және өзге біреудің тауар белгісін жапсыру жұмыстары жүргізілген", - деп жазылған хабарламада.
Аталған контрафактілік өнім қаладағы шағын дүкендер мен сауда нүктелері арқылы сатылған. Тексеру нәтижесінде құқық бұзушыдан "MacCoffee" 3/1 тауар белгісі бар 4000-нан астам орама бірлігі, сондай-ақ өндіріс жабдықтары (термотігіс, таразы, дайын 3/1 кофенің қаптамасы) тәркіленді.
Тәркіленген контрафактілік өнім сапа стандарттарына сәйкес келмейтіні және тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіруі мүмкін екені анықталды. Осы іске байланысты ер адамға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Тексеру материалдары одан әрі қарау және шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.