https://sputnik.kz/20251203/5-zheltoqsannan-bastap-otshashudy-zansyz-satatyndarga-tekseru-bastalady-59324574.html
5 желтоқсаннан бастап пиротехниканы заңсыз сататындарды тексеру басталады
5 желтоқсаннан бастап пиротехниканы заңсыз сататындарды тексеру басталады
Sputnik Қазақстан
Полиция өртке қарсы қызметпен бірлесіп жыл сайынғы "Пиротехника" акциясына кіріскелі жатыр 03.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-03T19:07+0500
2025-12-03T19:07+0500
2025-12-03T19:13+0500
полиция
отшашу
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/12/49378901_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_55d680d11f53cafe9ca78034262ffb08.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Жедел-профилактикалық іс-шара 5 желтоқсанда басталады деп жоспарланған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне ішкі істер министрлігінде айтты.Іс-шара екі кезеңнен тұрады, сауда орталықтары, базарлар, бөлшек сауда нүктелері тексеріледі. Екінші кезеңде "жарылғыш" өнімдерді сақтайтын қоймалар тексеріледі.Полиция жыл сайын 10 мыңнан астам нысан тексерілетінін айтты.Соңғы екі жылда пиротехника айналымы саласындағы заң бұзушылықтар саны айтарлықтай өскен. 2023 жылы 400-ден астам, ал 2024 жылы мыңнан астам факт тіркелді.Ең көп таралған заң бұзушылықтардың бірі - сертификатсыз салюттерді заңсыз сату және сақтау. 2023 жылы заңсыз сауда жасағаны үшін 400-ден астам адам, пиротехниканы дұрыс пайдаланбағаны үшін тоғыз және сақтау ережелерін бұзғаны үшін екі кәсіпорын жауапқа тартылды.Ал 2024 жылы заңсыз сатқаны үшін мыңнан астам азаматқа, пайдалану кезінде заң бұзғандары үшін 37, сондай-ақ сақтау талаптарын сақтамаған екі кәсіпорынға айыппұл салынды.Науқан алдын-ала мәліметтер бойынша 2026 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.
https://sputnik.kz/20250924/nurbol-nazarbaevtyn-barlyq-mulkin-tekseru-kerek---deputat-bas-prokurorga-surau-zholdady-57339282.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/12/49378901_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_91701bfeb72d3c6cdc02a8d588f8cc0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, отшашу, тексеріс
полиция, отшашу, тексеріс
5 желтоқсаннан бастап пиротехниканы заңсыз сататындарды тексеру басталады
19:07 03.12.2025 (жаңартылды: 19:13 03.12.2025) Полиция өртке қарсы қызметпен бірлесіп жыл сайынғы "Пиротехника" акциясына кіріскелі жатыр
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Жедел-профилактикалық іс-шара 5 желтоқсанда басталады деп жоспарланған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне ішкі істер министрлігінде айтты.
Іс-шара екі кезеңнен тұрады, сауда орталықтары, базарлар, бөлшек сауда нүктелері тексеріледі. Екінші кезеңде "жарылғыш" өнімдерді сақтайтын қоймалар тексеріледі.
Полиция жыл сайын 10 мыңнан астам нысан тексерілетінін айтты.
"Бұдан басқа, өрт қауіпсіздігі талаптарын және азаматтық пиротехникалық өнім айналымы саласындағы талаптарды сақтау бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды министрліктегілер.
Соңғы екі жылда пиротехника айналымы саласындағы заң бұзушылықтар саны айтарлықтай өскен. 2023 жылы 400-ден астам, ал 2024 жылы мыңнан астам факт тіркелді.
Ең көп таралған заң бұзушылықтардың бірі - сертификатсыз салюттерді заңсыз сату және сақтау. 2023 жылы заңсыз сауда жасағаны үшін 400-ден астам адам, пиротехниканы дұрыс пайдаланбағаны үшін тоғыз және сақтау ережелерін бұзғаны үшін екі кәсіпорын жауапқа тартылды.
Ал 2024 жылы заңсыз сатқаны үшін мыңнан астам азаматқа, пайдалану кезінде заң бұзғандары үшін 37, сондай-ақ сақтау талаптарын сақтамаған екі кәсіпорынға айыппұл салынды.
Науқан алдын-ала мәліметтер бойынша 2026 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.