https://sputnik.kz/20250924/nurbol-nazarbaevtyn-barlyq-mulkin-tekseru-kerek---deputat-bas-prokurorga-surau-zholdady-57339282.html
Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін тексеру керек - депутат бас прокурорға сұрау жолдады
Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін тексеру керек - депутат бас прокурорға сұрау жолдады
Sputnik Қазақстан
Алматы қаласы мен облысында заңсыз алған жер телімдері туралы қоғамда түрлі деректер айтылып жүр, деді Зайытов 24.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-24T17:50+0500
2025-09-24T17:50+0500
2025-09-24T17:50+0500
депутат
прокурор
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0d/35899354_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_09988b7e783aad14b29bfe55724324a5.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Депутат Ринат Зайытов бас прокурордан Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін тексеруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің бүгінгі отырысында Зайытов кешегі сот шешімін еске алды. Оған сәйкес, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылды. Сонымен бірге, оған 925 миллион теңге айыппұл және 230,4 миллион теңге айыпақы салынды.Оның айтуынша, Нұрбол Назарбаевтың иелігіндегі компаниялар мен активтерге түгендеме жүргізіп, оның заңдылығын анықтау қажет."Алтын орда" базары және Алматы қаласы мен облысындағы заңсыз иеленген жер телімдері бойынша тергеуді бастау қажет", - деді Зайытов.Сондай-ақ, ол қайтарылған заңсыз активтер және олардың пайдаланылуы бойынша толық ақпаратты жариялауды талап етті.
https://sputnik.kz/20240117/zhambyl-oblysynda-bolat-nazarbaevqa-tiesili-zher-memleket-menshigine-qaytaryldy-41639475.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/0d/35899354_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_e0c551b1a5d94428e5ea4a641fd4381f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депутат, прокурор, мәжіліс
депутат, прокурор, мәжіліс
Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін тексеру керек - депутат бас прокурорға сұрау жолдады
Алматы қаласы мен облысында заңсыз алған жер телімдері туралы қоғамда түрлі деректер айтылып жүр, деді Зайытов
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Депутат Ринат Зайытов бас прокурордан Нұрбол Назарбаевтың барлық мүлкін тексеруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің бүгінгі отырысында Зайытов кешегі сот шешімін еске алды. Оған сәйкес, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев 57 миллиард теңге көлеміндегі активінен айырылды. Сонымен бірге, оған 925 миллион теңге айыппұл және 230,4 миллион теңге айыпақы салынды.
"Ең бастысы, оның барлық банк шоты бұғатталып, компания кірісін және жеке мүлкін басқару құқығынан айырылды. Бұл әулеттің рейдерлік жолмен иеленген базарлары, сондай-ақ, Алматы қаласы мен облысында заңсыз алған жер телімдері туралы қоғамда түрлі деректер айтылып жүр. Әсіресе атышулы "Алтын орда" базарына қатысы жиі сөз болады. Алайда аталған нысандардың жоғарыда тәркіленген активтердің қатарында бар-жоғы әзірге белгісіз", - деді Зайытов бас прокурорға арнаған депутаттық сауалында.
Оның айтуынша, Нұрбол Назарбаевтың иелігіндегі компаниялар мен активтерге түгендеме жүргізіп, оның заңдылығын анықтау қажет.
"Алтын орда" базары және Алматы қаласы мен облысындағы заңсыз иеленген жер телімдері бойынша тергеуді бастау қажет", - деді Зайытов.
Сондай-ақ, ол қайтарылған заңсыз активтер және олардың пайдаланылуы бойынша толық ақпаратты жариялауды талап етті.