https://sputnik.kz/20251218/mams-ke-kemi-bes-zhyl-turaqty-zharna-tolegender-alty-ay-boyy-saqtandyrylady-59701863.html
МӘМС-ке кемі бес жыл тұрақты жарна төлегендер алты ай бойы сақтандырылады
МӘМС-ке кемі бес жыл тұрақты жарна төлегендер алты ай бойы сақтандырылады
Sputnik Қазақстан
Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болады 18.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-18T16:18+0500
2025-12-18T16:18+0500
2025-12-18T16:20+0500
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
ақша
түзетулер
https://sputnik.kz/img/1281/07/12810789_126:0:3767:2048_1920x0_80_0_0_034e4e9e54990f26a6bd9d2bec804439.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. 2026 жылдан сақтандыру мәртебесі 6 айға дейін сақталады, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы.Толығырақ айтқанда, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне кемі бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда да алты ай бойы сақтандырылады.Бұл "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңға енгізілген өзгерістердің нә"әтижесінде мүмкін болып отыр. Яғни, жаңа норма бұрын МӘМС жүйесіне тұрақты жарна төлеп келген, бірақ уақытша табыссыз қалған азаматтардың мүддесін қорғайды.Бұл өзгерістер жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұрғындардың медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді. Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болады. Жарна төленбей қалған айлар үшін төлемді дербес төлеуші ретінде төлеуге болады.2026 жылы бұл санаттағы азаматтар үшін ай сайынғы жарна мөлшері 4 250 теңгені құрайды.Айта кету керек, қазіргі қолданыстағы нормаға сәйкес, төлемдер тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебесі 3-ақ ай сақталады.
https://sputnik.kz/20251007/turmysy-tomen-azamattarga-qatysty-mams-zhuyesi-qayta-qaralady-57682920.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/07/12810789_581:0:3312:2048_1920x0_80_0_0_9447d693541dadea38dbaae969d398d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ақша, түзетулер
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ақша, түзетулер
МӘМС-ке кемі бес жыл тұрақты жарна төлегендер алты ай бойы сақтандырылады
16:18 18.12.2025 (жаңартылды: 16:20 18.12.2025) Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болады
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. 2026 жылдан сақтандыру мәртебесі 6 айға дейін сақталады, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы.
Толығырақ айтқанда, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне кемі бес жыл бойы тұрақты жарна төлеген азаматтардың мәртебесі төлем уақытша тоқтаған жағдайда да алты ай бойы сақтандырылады.
Бұл "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заңға енгізілген өзгерістердің нә"әтижесінде мүмкін болып отыр. Яғни, жаңа норма бұрын МӘМС жүйесіне тұрақты жарна төлеп келген, бірақ уақытша табыссыз қалған азаматтардың мүддесін қорғайды.
"Егер азамат МӘМС жүйесіне кемінде бес жыл қатарынан жарна төлеген болса, оның сақтандыру мәртебесі алты ай бойы сақталады. Мұндай жағдайға көбіне жұмысынан айырылып, уақытша жұмыссыз қалған адамдар тап болуы мүмкін. Бірақ бұл жеңілдікті жүйедегі барлық төлеушілер бірдей қолдана алады", – деді филиал директоры Ілияс Мұхамеджан.
Бұл өзгерістер жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған тұрғындардың медициналық көмектен қағылмауын қамтамасыз етеді. Бірақ табыс тұрақтанғаннан кейін төленбеген айлар үшін берешекті өтеу қажет болады. Жарна төленбей қалған айлар үшін төлемді дербес төлеуші ретінде төлеуге болады.
2026 жылы бұл санаттағы азаматтар үшін ай сайынғы жарна мөлшері 4 250 теңгені құрайды.
Айта кету керек, қазіргі қолданыстағы нормаға сәйкес, төлемдер тоқтаған жағдайда сақтандырылған мәртебесі 3-ақ ай сақталады.