Тұрмысы төмен азаматтарға қатысты МӘМС жүйесі қайта қаралады

© Sputnik / Владислав ВодневТұрмысы төмен азаматтарға қатысты МӘМС жүйесі қайта қаралады
Тұрмысы төмен азаматтарға қатысты МӘМС жүйесі қайта қаралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2025
Жазылу
Бүгінде 3,3 млн адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. 2026 жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша қамтылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі қаралды.
“Біздің басты мақсатымыз – ашық, әділетті және ең бастысы, әрбір азамат үшін қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру. 2026 жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар жергілікті бюджеттер есебінен медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша қамтылады. Осындай ауқымды өзгерістерді бірлесіп жүзеге асыруға күш жұмылдыру керек”,— деді Бектенов.
Осы орайда премьер әкімдіктермен бірге медициналық сақтандырудың жаңа тетігін енгізу бойынша үйлесімді жұмысты жүргізуді тапсырды.
Айта кетері, бүгінде 3,3 млн адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Соның ішінде 2,4 млн азаматтың өмір сүру деңгейі орташа және қанағаттанарлық болса, 1 млн азаматтың табысы төмен. Осы санат үшін жарналарды төлеу міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.
Сондай-ақ, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарды әкімдіктер төлейді.
қарыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Медициналық сақтандыру ақшасын әр адамның есепшотында жинауға бола ма
Жаңалықтар
0