Медициналық сақтандыру ақшасын әр адамның есепшотында жинауға бола ма

© © Sputnik / Абзал Калиевқарыз
қарыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түсетін ақшаны әрбір адамның жеке есепшотында жинауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған мәжіліс депутаттары да МӘМС-тің ақшасын жеке есепшоттарда көрсетуді ұсынған. Сонда әрбір адам қаржының қалай және қайда жұмсалғанын көріп отырады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ляззат Шоманованың айтуынша, бұл ұсыныс депутаттармен бірге талқыланған болатын. Бірақ оны іске асыру қиын.
"Өйткені сақтандырылған азаматтардың жеке есепшоттары жоқ. Сосын бұл әлеуметтік қор ғой, ондайда табысы көп адамдар табысы аз адамдарға төлейді. Ал енді қазір қаржыны бөліп, есепшоттарды жіктейтін жүйе орнатылмаған. Дегенмен ұсыныс өте жақсы", - деді Шоманова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Дегенмен депутаттардың басқа бір ұсынысы заңмен бекітілді. 2026 жылдан бастап медициналық сақтандыру жүйесіне 5 жыл бойы үздіксіз жарна аударған адамдар жұмыссыз қалса, я болмаса, басқа бір жағдайларда алты ай бойы жарнаны төлемей жүре алады. Олардың сақтандыру мәртебесі сақталады. Бұрын үш ай ғана берілген.
Лекарства, таблетки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2025
Қант диабеті МӘМС-ке өтеді – тегін дәрі-дәрмекті кімдер алады
Жаңалықтар
0