https://sputnik.kz/20250806/qant-diabeti-mams-ke-otedi--tegin-dari-darmekti-kimder-alady-56203504.html
Қант диабеті МӘМС-ке өтеді – тегін дәрі-дәрмекті кімдер алады
Қант диабеті МӘМС-ке өтеді – тегін дәрі-дәрмекті кімдер алады
Sputnik Қазақстан
2026 жылдан бастап қант диабетін емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесінен алынады 06.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-06T13:16+0500
2025-08-06T13:16+0500
2025-08-06T13:17+0500
қант диабеті
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44597103_0:9:3072:1737_1920x0_80_0_0_40d109930f8912789c94ff9661b56199.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қант диабеті ауруын емдеу шараларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ауыстыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ләззат Шоманованың айтуынша, қант диабетін сақтандыру жүйесіне ауыстырса да, осы ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдар мен балалар, сондай-ақ зейнеткерлер үшін ешқандай өзгеріс болмайды. Олар үшін сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді. Сондықтан дәрі-дәрмекті және тағы басқа емдеу шараларын тегін ала береді. Ал жұмысқа қабілетті басқа адамдар сақтандыру жарнасын төлеуі керек.Оның сөзіне қарағанда, бір ғана жарнаны төлеп, қажетті медициналық көмек алған тиімді. Себебі мемлекет қант диабетімен ауыратын бір науқасқа 600-700 мың теңге жұмсайды.Бүгінде Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан 550 мыңнан астам адам тіркелген. Олардың басым бөлігі үшін сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді.Айта кетері,14 шілдеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы жаңа заң күшіне енді. Келесі жылдан бастап қант диабетін емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесінен алынып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне өтеді.
https://sputnik.kz/20250711/mams-zhuyesinde-tirkelmegender-meditsinalyq-komekti-qalay-alady-55579336.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1c/44597103_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_13a85572106b7d8f79df99bb321c7bb8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант диабеті, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
қант диабеті, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Қант диабеті МӘМС-ке өтеді – тегін дәрі-дәрмекті кімдер алады
13:16 06.08.2025 (жаңартылды: 13:17 06.08.2025) 2026 жылдан бастап қант диабетін емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесінен алынады
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қант диабеті ауруын емдеу шараларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ауыстыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ләззат Шоманованың айтуынша, қант диабетін сақтандыру жүйесіне ауыстырса да, осы ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдар мен балалар, сондай-ақ зейнеткерлер үшін ешқандай өзгеріс болмайды. Олар үшін сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді. Сондықтан дәрі-дәрмекті және тағы басқа емдеу шараларын тегін ала береді. Ал жұмысқа қабілетті басқа адамдар сақтандыру жарнасын төлеуі керек.
"Айына 4 200 теңге төлеу керек. Сонда жылына 51 мың теңгедей шығады. Сол жарнаны төлесе, қант диабеті бойынша барлық дәрі-дәрмек мен зерттеулерді алуға болады", - деді Шоманова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, бір ғана жарнаны төлеп, қажетті медициналық көмек алған тиімді. Себебі мемлекет қант диабетімен ауыратын бір науқасқа 600-700 мың теңге жұмсайды.
Бүгінде Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан 550 мыңнан астам адам тіркелген. Олардың басым бөлігі үшін сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді.
Айта кетері,14 шілдеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы жаңа заң күшіне енді. Келесі жылдан бастап қант диабетін емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген тізбесінен алынып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне өтеді.