МӘМС жүйесінде тіркелмегендер медициналық көмекті қалай алады

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
Жазылу
Бұрын жүйеде "сақтандырылған" мәртебесі соңғы 12 айға жарна толық төленсе ғана берілетін
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Енді ресми түрде жұмыс істемейтін және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға мәртебені бір жылға алдын ала алуға мүмкіндік беріліп отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Бұрын жүйеде "сақтандырылған" мәртебесі соңғы 12 айға жарна толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін.
"Ал қазір МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, өткен жылдың қарызын өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады", - деп жазылған хабарламада.
Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Ескеретін жайт, әр ай үшін 4250 теңгеден жеке-жеке төленуге тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате болып саналады, сондықтан мәртебе берілмейді.
Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз.
Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2024
Депутаттар МӘМС жарнасын бес есе ұлғайтуға қарсы шықты
Жаңалықтар
0