Депутаттар МӘМС жарнасын бес есе ұлғайтуға қарсы шықты

© Sputnik / Владислав ВодневМедицинское страхование
Медицинское страхование - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2024
Жазылу
Мәжілісменнің пікірінше, МӘМС қорының жұмысы – бұл бір үлкен жұмбақ және бір үлкен түбі жоқ "қара тесік"
АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. "Ақ жол" партиясы фракциясының депутаттары МӘМС төлемдерін арттырудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға МӘМС жүйесін реформалау бойынша депутаттық сауал жолдады.
Ол "Ашық НҚА" порталында табысы 850 мың теңгеден асатын тұлғалар үшін МӘМС жарнасын бес есеге ұлғайту туралы заң жобасы жарияланғанын еске салды.
"Олардың деректері бойынша, 2025 жылдан бастап бұл жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 9%-ын қамтиды және 502 мың адамға қатысты болады. Атап айтқанда, аталған порталда жобаны онлайн талқылауға бір сағат қана уақыт бөлінген. Бірақ бұл ретте жүздеген азамат бұған қарсы пікір білдірді, ал МӘМС бойынша аударымдарды ұлғайту жөніндегі бастама бизнес өкілдерінде ерекше наразылық туғызды", - дейді Бейсенбаев.
Депутаттың пікірінше, медициналық сақтандырудың қолданыстағы моделі экономиканың барлық қағидатына қайшы келеді, өз денсаулығы үшін дербес жауапкершілікті және емделуге дербес жинақтарды қамтымайды.
"Адам өз денсаулығына қалай қарайтынына қарамастан төлеуге міндетті болып шығады. Яғни, жаман әдеті жоқ, спортпен шұғылданатын және аударымдарын емдеуге жұмсамайтындар денсаулығына мән бермейтін, темекі шегетін, ішетін және үнемі дәрі-дәрмек пен дәрігерлерге ақша жұмсайтындармен бірдей төлеуі керек", - дейді ол.
Мәжілісмен әрбір жарна төлеушінің МӘМС-ке төлемдерін өз бетінше билік етуге құқығы болуға тиіс деп санайды.
"Әйтпесе, олардың ай сайын Қорға төлейтін ақшасы үшінші тұлғалардың медициналық қызметтерін төлеуге кетеді. Сонымен қатар Қор оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Ақиқатында, бұл сақтандыру емес, салықтың қосымша түрі. Бірақ салықтарды ашық түрде пайдалану керек, ал МӘМС қорының жұмысы – бұл бір үлкен жұмбақ және бір үлкен түбі жоқ "қара тесік", - деп мәлімдеді депутат.
Айтуынша, мұндай жағдайда алдыңғы жүздеген миллиардтардың қалай және неге жұмсалғанын түсінбей тұрып, қорға төлемдерді бес есе арттыру қоғам үшін тым қымбат және бизнеске шамадан тыс жүктеме болады.
Осыған байланысты "Ақ жол" партиясының фракциясы мынадай ұсыныс жасады:
МӘМС төлемдерін арттырудан бас тарту;
медициналық сақтандыру жүйесін монополиясыздандыру және осы салада нарықтық және бәсекелестік тетіктерді енгізу;
азаматтардың сақтандыру ұйымдарындағы шоттарын ашықтық пен еріктілік негізінде дербестендіру;
әрбір нақты азаматтың денсаулық жағдайы мен өмір салтына байланысты сақтандыру сыйлықақыларын төлеу сомаларын айқындау әдістемесін әзірлеу.
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2023
МӘМС ақшасы қазақстандықтарға қайтарыла ма – министр жауабы
Жаңалықтар
0