Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдарды қолдайтын жазбалар тексерілсін - депутат

© Sputnik / Санат ИмангалиевАйдос Сарым
Айдос Сарым - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2025
Жазылу
Мәжілісмен мұндай әрекеттер терроризмді насихаттау және мемлекетке сатқындық жасаумен теңестірілсін деді
АСТАНА, 17 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр консорциумына Украина жасаған шабуылдарды қолдаған азаматтардың жазбаларын тексеруді ұсынды.
Мәжілісмен желіде осындай жазбаларды тексеру қажеттігін мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде мемлекет пен біздің азаматтарымыз үшін аса маңызды инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды ашық мақұлдайтын және қолдайтын азаматтардың жазбалары пайда болып жатыр. Мұндай әрекеттер азаматтардың сөз бостандығына қатысты конституция құқығына сай келмейді және Қазақстанның ұлттық мүдделеріне тікелей нұқсан келтіреді", - деді Сарым.
Сондай-ақ депутат мұндай әрекеттерді Қылмыстық кодекстің 256-бабы "Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" және Қылмыстық Кодекстің 175-бабы "Мемлекетке сатқындық жасау" бойынша саралауды ұсынды.
Айдос Сарым Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды болып табылатын мұнай құбырларын және өзге де инфрақұрылымды бұзуға шақыратын жария ақпаратты таратуға жол бермеу туралы халық арасында кең түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет екеніне сенімді.
Ол өзінің депутаттық сауалын бас прокурор Берік Асыловқа, сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдады.
Каспий құбыр консорциумы екі жылжымалы айлақ сатып алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Каспий құбыр консорциумы екі жылжымалы айлақ сатып алды
Жаңалықтар
0