https://sputnik.kz/20251215/qazaqstan-kaspiy-qubyr-konsortsiumy-ushin-eki-zhylzhymaly-aylaq-satyp-aldy-59612587.html
Каспий құбыр консорциумы екі жылжымалы айлақ сатып алды
Каспий құбыр консорциумы екі жылжымалы айлақ сатып алды
Sputnik Қазақстан
Ауа райының қолайсыздығы КҚК-ны қалпына келтіру жұмыстарына кедергі келтіріп отыр 15.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-15T11:49+0500
2025-12-15T11:49+0500
2025-12-15T16:46+0500
каспий
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758478_0:240:2560:1680_1920x0_80_0_0_237dd5373a0d0ce5c14573c40f4b64b2.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Каспий құбыр консорциумы екі айлақ сатып алды және 2026 жылдың қаңтарында оларды Новороссийскіге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов БАҚ-қа арналған брифингте хабарлады.29 қарашада Украина тағы да Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасады. КҚК бойынша Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80%-ы айдалады, ал мұнай - ел бюджетінің негізі.Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, алайда ауа райының қолайсыздығы - КҚК-да жөндеу жұмыстарын қиындатады, дейді министр.Біз болжамдарды белгілі бір уақытқа сүйене отырып береміз, деді ол."Бұл жұмыстар күрделі, өйткені су астында жүргізіледі. Сондықтан барлық қатысушылар, соның ішінде баспасөз де шыдамдылық пен түсіністік танытуы тиіс", - деді Ақкенженов.Сала сарапшысы Борис Марцинкевич те бұған дейін ауа райының қолайсыздығы туралы айтқан болатын. Қазір - қыс мезгілі, теңізде толқулар болмаса, онда компания белгіленген мерзімге дейін жөндеуден өткізеді, деді сарапшы "Энергетика с БЛМ" бағдарламасында.
https://sputnik.kz/20251211/qr-energetika-ministri-kaspiy-qubyr-konsortsiumyna-shabuyldan-keyingi-shygyndy-aytty-59520561.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758478_0:0:2560:1920_1920x0_80_0_0_0a2acee01baadbfc78113cab0f93479c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, қр энергетика министрлігі
каспий, қр энергетика министрлігі
Каспий құбыр консорциумы екі жылжымалы айлақ сатып алды
11:49 15.12.2025 (жаңартылды: 16:46 15.12.2025) Ауа райының қолайсыздығы КҚК-ны қалпына келтіру жұмыстарына кедергі келтіріп отыр
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Каспий құбыр консорциумы екі айлақ сатып алды және 2026 жылдың қаңтарында оларды Новороссийскіге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов БАҚ-қа арналған брифингте хабарлады.
29 қарашада Украина тағы да Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасады. КҚК бойынша Қазақстаннан экспорттық мұнайдың 80%-ы айдалады, ал мұнай - ел бюджетінің негізі.
Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, алайда ауа райының қолайсыздығы - КҚК-да жөндеу жұмыстарын қиындатады, дейді министр.
"Оңтүстік-шығыс жел өте күшті, толқын шамамен екі метрді құрайды. Бұл жел де ток тудырады, сүңгуірлер су астындағы арнайы күмбезге түседі, содан кейін олар күмбездің астынан шығып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Новороссийск шығанағының ішкі ағысы күшті және бұл жұмысты қиындатады", - деді Ақкенженов.
Біз болжамдарды белгілі бір уақытқа сүйене отырып береміз, деді ол.
"Бұл жұмыстар күрделі, өйткені су астында жүргізіледі. Сондықтан барлық қатысушылар, соның ішінде баспасөз де шыдамдылық пен түсіністік танытуы тиіс", - деді Ақкенженов.
Сала сарапшысы Борис Марцинкевич те бұған дейін ауа райының қолайсыздығы туралы айтқан болатын. Қазір - қыс мезгілі, теңізде толқулар болмаса, онда компания белгіленген мерзімге дейін жөндеуден өткізеді, деді сарапшы "Энергетика с БЛМ" бағдарламасында.