https://sputnik.kz/20251216/qtzh-zholdardyn-zhabyluyna-baylanysty-qosymsha-oryndar-uyymdastyryp-zhatyr-59639209.html
ҚТЖ жолдардың жабылуына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырып жатыр
ҚТЖ жолдардың жабылуына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау және Бурабай курорты бағыттарынан Астана қаласына қатынайтын пойыздарда жолаушылар үшін қосымша орындар... 16.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-16T18:01+0500
2025-12-16T18:01+0500
2025-12-16T18:27+0500
пойыз
жолаушылар
жол
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/10/59638751_0:0:1440:810_1920x0_80_0_0_9096a11225435c5b727f52a542fd54ca.jpg
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша орындар ұйымдастырып жатыр, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.Қолайсыз ауа райы жағдайларына және бірқатар автомобиль жолдарының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы қосымша көлік қызметін ұйымдастыру жөнінде жедел шаралар қабылдады. Осыған орай Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау және Бурабай курорты бағыттарынан Астана қаласына қатынайтын пойыздарда жолаушылар үшін қосымша орындар ұйымдастырылып жатыр.Осылайша, 2025 жылғы 16 желтоқсанда төмендегі пойыздар арқылы жолаушыларды отырғызу көзделген:Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шараларды тұрақты түрде қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайларында жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. Азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарлардан уақытша бас тартуға шақырамыз.
https://sputnik.kz/20251215/aua-rayynyn-qolaysyzdygyna-baylanysty-9-oblysta-zholdar-zhabyldy-59621942.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/10/59638751_180:0:1260:810_1920x0_80_0_0_fb3c3ce63b3b68df6d038200acd291be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, жолаушылар, жол
ҚТЖ жолдардың жабылуына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырып жатыр
18:01 16.12.2025 (жаңартылды: 18:27 16.12.2025) Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау және Бурабай курорты бағыттарынан Астана қаласына қатынайтын пойыздарда жолаушылар үшін қосымша орындар ұйымдастырылып жатыр
АСТАНА, 16 желтоқсан - Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша орындар ұйымдастырып жатыр, деп хабарлады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Қолайсыз ауа райы жағдайларына және бірқатар автомобиль жолдарының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы қосымша көлік қызметін ұйымдастыру жөнінде жедел шаралар қабылдады. Осыған орай Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау және Бурабай курорты бағыттарынан Астана қаласына қатынайтын пойыздарда жолаушылар үшін қосымша орындар ұйымдастырылып жатыр.
Осылайша, 2025 жылғы 16 желтоқсанда төмендегі пойыздар арқылы жолаушыларды отырғызу көзделген:
№7502 "Астана – Павлодар" (Ерейментау станциясынан отырғызу);
№139 "Павлодар – Пресногорьковская" (Ерейментау станциясынан отырғызу);
№6830 "Көкшетау – Астана" (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
№7508 "Көкшетау – Астана Нұрлы жол" (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
№045Ц "Павлодар – Түркістан" (Екібастұз және Шідерті станцияларынан отырғызу).
Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шараларды тұрақты түрде қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайларында жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. Азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарлардан уақытша бас тартуға шақырамыз.