Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста жолдар жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевЖолдағы қар
Жолдағы қар - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Жазылу
Республикалық маңызы бар тас жолдардағы 30 учаскеде және облыстық маңызы бар тас жолдардағы 24 учаскеде көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Тоғыз облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Магомет Ахриев.
Республикалық маңызы бар тас жолдардағы 30 учаскеде және облыстық маңызы бар тас жолдардағы 24 учаскеде көлік қозғалысы шектелді.
Шектеулер Астанада, сонымен қатар Ақмола, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында енгізілді.
Жолдағы көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2025
Бірнеше облыста жолдар жабылды
Жаңалықтар
0