Ұлттық ұланның әскерилеріне күш қолданған Олимпиада ойындарының жүлдегері сотталды

© Photo : Пресс-служба акима Павлодарской области / Валерий БугаевДәулет Шабанбай
Дәулет Шабанбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Жазылу
Сотталушы сарбаздардың құжат көрсету туралы талабын орындаудан бас тартқан
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Олимпиада ойындарының жүлдегері Дәулет Шабанбай сотталды, деп хабарлайды Павлодар облыстық соты.
Оған Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне қатысты күш қолданды деген айып тағылған.
Қылмыстық іс 15 желтоқсанда Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Дәулет Шабанбайға Қылмыстық Кодекстің 1-тармағының 380-бабы 4-бөлігі "Өмірге және денсаулыққа қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдану" бойынша іс қозғалған.

"18 қыркүйекте кешкі уақытта сотталушы Павлодар қаласындағы дәмханалардың бірінде болған. Онда спирттік ішімдік ішіп, одан әрі автобекетке дейін серуендеп, дәмханаға кері қайтпақ болған. Жол бойында оны әскери бөлімнің мерзімді қызметтегі үш сарбаз тоқтатқан. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік міндеттерін атқарып жүрген. Сотталушы сарбаздардың құжат көрсету туралы талабын орындаудан бас тартқан", - дейді сотта.

Дәулет Шабанбай сол жерде әскерилерге балағат сөздер айтып, олардың бірін иығынан теуіп, екіншісін бетіне жұдырықтаған. Әскерилер оны күштеп құлатып, қолына кісен салып, полиция шақырған.
Мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Өз ісіне өкінетінін айтқан Дәулет Шабанбай бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады.
Оның кәмелетке толмаған балалары барын, біреуінің мүмкіндігі шектеулі екенін, соынмен қатар спорттағы жетістігін ескерген сот Дәулет Шабанбайды үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Дәулет Шабанбай 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Дәулет Шабанбай  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2022
Дәулет Шабанбай он жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Жаңалықтар
0