https://sputnik.kz/20220917/daulet-shabanbay-on-zhyldan-keyin-olimpiada-medalin-aldy-27666535.html
Дәулет Шабанбай он жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Дәулет Шабанбай он жылдан кейін Олимпиада медалін алды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға 2012 жылғы Лондон Олимпидасының қола жүлдесі табысталды, деп хабарлайды Sputnik... 17.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-17T14:53+0500
2022-09-17T14:53+0500
2023-08-09T16:03+0500
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/09/11/27666716_0:84:1600:984_1920x0_80_0_0_4aeae228865e29a5437349b882ca706f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға 2012 жылғы Лондон Олимпидасының қола жүлдесі табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Olympic.kz порталына сілтеме жасап.Марапаттау рәсімі Белградта өткен күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Біріккен күрес әлемі (UWW) мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылары Дәулет Шабанбайды құттықап, он жыл бұрын өткен Олимпиаданың қола медалін салтанатты түрде табыстады.Айта кетері, Лондон Олимпиадасында Дәулет Шабанбай еркін күрестен 120 келіге дейін өнер көрсеткен. Сол кезде ол бесінші орынға ие болды. 2019 жылы допинг-сынамаларды қайта тексеру кезінде Лондонда жүлделі орынға іліккен грузин палуаны Давид Модзманашвили мен өзбек спортшысы Артур Таймазовтың сынамасы оң нәтиже көрсетті. Екеуінің медалі кері қайтарылды. Ал Лондондағы жетістіктері жойылды.Осылайша, Дәулет Шабанбай екі орынға көтеріліп, қол медальдің иегері атанды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/11/27666716_90:0:1511:1066_1920x0_80_0_0_0151797f2b332eaf0e8a14171165ca68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада ойындары
Дәулет Шабанбай он жылдан кейін Олимпиада медалін алды
14:53 17.09.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Еркін күрес шебері Дәулет Шабанбайға 2012 жылғы Лондон Олимпидасының қола жүлдесі табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Марапаттау рәсімі Белградта өткен күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты аясында ұйымдастырылды. Біріккен күрес әлемі (UWW) мен Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылары Дәулет Шабанбайды құттықап, он жыл бұрын өткен Олимпиаданың қола медалін салтанатты түрде табыстады.
"Аллаға шүкір, мен көптен күткен медалімді алдым. Халықаралық Олимпиада комитетіне, Ненад Лалович мырзаға, Біріккен күрес әлемінің президентіне, Ұлттық Олимпиада комитеті мен ұлттық федерация басшылығына алғыс айтамын. Мен арнайы құттықтағаныңыз үшін ризамын. Біздің спортшыларымыз чемпион болсын!", - деді Шабанбай.
Айта кетері, Лондон Олимпиадасында Дәулет Шабанбай еркін күрестен 120 келіге дейін өнер көрсеткен. Сол кезде ол бесінші орынға ие болды. 2019 жылы допинг-сынамаларды қайта тексеру кезінде Лондонда жүлделі орынға іліккен грузин палуаны Давид Модзманашвили мен өзбек спортшысы Артур Таймазовтың сынамасы оң нәтиже көрсетті. Екеуінің медалі кері қайтарылды. Ал Лондондағы жетістіктері жойылды.
Осылайша, Дәулет Шабанбай екі орынға көтеріліп, қол медальдің иегері атанды.