Қызылордалық ғалымдар күріш қалдығын қайта кәдеге жаратып жатыр

© Photo : Предоставлено министерством водных ресурсов и ирригации КазахстанаНовый сорт риса вывели в Кызылординской области
Новый сорт риса вывели в Кызылординской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Жазылу
Бастама қолдау тапса, жаңа бағыттағы жобаларға жол ашылады
АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Қызылордалық ғалымдар күріш қалдығын қайта кәдеге жаратуды зерттеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар дақыл қауызынан белсендірілген көмір мен шыны өндірісіне арналған таза кремний диоксидін алған. Күріш қалдығынан қатерлі ісікке қарсы дәріге қосатын арнайы майды химиялық жолмен алуды жоспаралап отыр.
Күріштің қауызын және сабанын утилизация жолдарын қарастыру барысында команда күріштің қауызынан және сабанынан белсендірілген көмір алған болатын.

"Осы белсендірілген көмірді қазіргі таңда су тазалау фильтрлерінде орнатып, тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек күріштің қауызынан кремний диоксдін таза күйінде, 99,9 пайыз таза бөліп алды. Бұл – шынының шикізаты", – деді физика-химиялық талдау зертханасының инженері Сәкен Қанжар.

Сыр өңірінде гектарлап егілген күріштен қалған сабан мен қауызды амалсыз өртейтін. Ал оның қоршаған ортаға тигізетін зияны орасан. Шаруалар "сабанды құрылыс материалы мен мал азығы және биогумус тыңайтқышы ретінде қолдану да маңызды" дейді. Егер бұл бастама қолдау тапса, жаңа бағыттағы жобаларға жол ашылады.
"Жауынқұртпенен көңді араластырып, биогумусты 3 гектар жүзімдікке пайдаланды. Ауылды көгалдандыруға, гүл егуге, басқа да тал егуге барлығына табиғи тыңайтқыш боды", – деді шаруа қожалығының бас инженері Бейбіт Белгібаев.
Стакан воды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Ғалымдар тісжегіден қорғанудың қарапайым әдісін тапты
Жаңалықтар
0