https://sputnik.kz/20251030/galymdar-tiszhegiden-qorganudyn-qarapayym-adisin-tapty-58033693.html
Ғалымдар тісжегіден қорғанудың қарапайым әдісін тапты
Ғалымдар тісжегіден қорғанудың қарапайым әдісін тапты
Sputnik Қазақстан
Бір стақан қарапайым су ауыз қуысының табиғи қорғаныс механизмін бір сағатта жандандырады 30.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-30T20:18+0500
2025-10-30T20:18+0500
2025-10-30T20:18+0500
тіс
тіс емханасы
тіс дәрігері
ауыз су
зерттеу
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/113/58/1135872_0:89:3076:1819_1920x0_80_0_0_f3633a598b59323a73c981925a9c5f9b.jpg
АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Калифорния университетінің ғалымдары тісті тісжегіден қорғауды күшейтудің қарапайым әдістерінің бірін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Газета.Ru-ға сілтеме жасап.Бір стақан қарапайым су ауыз қуысының табиғи қорғаныс механизмін бір сағатта жандандыратыны белгілі болды.Экспериментке профилактикалық стоматологиялық тексеруден өтіп жатқан 5 пен 10 жас аралығындағы 105 бала қатысты. Алғашқы сілекей талдауынан кейін балалар үш топқа бөлінді: біріншісі 500 миллилитр су, екіншісі 200 миллилитр алма шырынын алды, үшіншісі бақылау тобы ретінде қатысты. 45-60 минуттан кейін зерттеушілер қайта сілекей үлгілерін жинап, оларды жеті негізгі параметр бойынша талдады.Су ішкен балалардың сілекей қышқылдығы мен эмальды бұзатын ферменттердің деңгейі төмендеген. Сонымен бірге олардың ауыз қуысындағы жергілікті иммунитетке қатысатын қорғаныш ақуыздары мен иммуноглобулиндер деңгейі жоғарылады. Алма шырынын тұтынған және ешқандай сұйықтық ішпеген балаларда мұндай әсер байқалмады.Авторлар су сілекейдің рН деңгейін қалыпқа келтіруге көмектесетінін, ауыз қуысының жергілікті қорғанысын қалпына келтіретінін және осмолярлықты (сілекейдегі тұз, қант, ақуыз және басқа еріген заттар концентрациясының өлшемі) төмендететінін атап өтті.Бала тәтті сусын ішкен кезде сілекейдің осмолярлығы артып, ондағы белсенді заттардың мөлшерін көбейтеді. Бұл оның қалыпты құрамы мен қызметін бұзуы мүмкін.Ғалымдардың пікірінше, қантты сусындарды ауыз сумен алмастыру, әсіресе балалар үшін тіс жегі мен қызыл иектің қабыну ауруларының алдын алудың тиімді және қолжетімді әдісі болмақ.
https://sputnik.kz/20250111/qazaqstandyqtar-tis-emdeuge-qansha-aqsha-zhumsaydy----statistika-49894866.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/113/58/1135872_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_394fdba712902e614db8a059e192c305.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тіс, тіс емханасы, тіс дәрігері, ауыз су, зерттеу, ғалымдар
тіс, тіс емханасы, тіс дәрігері, ауыз су, зерттеу, ғалымдар
Ғалымдар тісжегіден қорғанудың қарапайым әдісін тапты
Бір стақан қарапайым су ауыз қуысының табиғи қорғаныс механизмін бір сағатта жандандырады
АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Калифорния университетінің ғалымдары тісті тісжегіден қорғауды күшейтудің қарапайым әдістерінің бірін анықтады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Газета.Ru-ға
сілтеме жасап.
Бір стақан қарапайым су ауыз қуысының табиғи қорғаныс механизмін бір сағатта жандандыратыны белгілі болды.
Экспериментке профилактикалық стоматологиялық тексеруден өтіп жатқан 5 пен 10 жас аралығындағы 105 бала қатысты. Алғашқы сілекей талдауынан кейін балалар үш топқа бөлінді: біріншісі 500 миллилитр су, екіншісі 200 миллилитр алма шырынын алды, үшіншісі бақылау тобы ретінде қатысты. 45-60 минуттан кейін зерттеушілер қайта сілекей үлгілерін жинап, оларды жеті негізгі параметр бойынша талдады.
Су ішкен балалардың сілекей қышқылдығы мен эмальды бұзатын ферменттердің деңгейі төмендеген. Сонымен бірге олардың ауыз қуысындағы жергілікті иммунитетке қатысатын қорғаныш ақуыздары мен иммуноглобулиндер деңгейі жоғарылады. Алма шырынын тұтынған және ешқандай сұйықтық ішпеген балаларда мұндай әсер байқалмады.
Авторлар су сілекейдің рН деңгейін қалыпқа келтіруге көмектесетінін, ауыз қуысының жергілікті қорғанысын қалпына келтіретінін және осмолярлықты (сілекейдегі тұз, қант, ақуыз және басқа еріген заттар концентрациясының өлшемі) төмендететінін атап өтті.
Бала тәтті сусын ішкен кезде сілекейдің осмолярлығы артып, ондағы белсенді заттардың мөлшерін көбейтеді. Бұл оның қалыпты құрамы мен қызметін бұзуы мүмкін.
Ғалымдардың пікірінше, қантты сусындарды ауыз сумен алмастыру, әсіресе балалар үшін тіс жегі мен қызыл иектің қабыну ауруларының алдын алудың тиімді және қолжетімді әдісі болмақ.