https://sputnik.kz/20251214/qazaqstan-zhasospirimder-arasyndagy-v-aziya-para-oyyndarynda-68-medal-zhenip-aldy-59597661.html
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Бұл жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті 14.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-14T14:20+0500
2025-12-14T14:20+0500
2025-12-14T14:20+0500
дубай
жасөспірім
жүлде
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0e/59597501_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_84d8d2cd52579704cf0bb29df66e8d48.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте қазақстандық команда 45 мемлекеттің ішінде 5-ші орынға тұрақтады.Бұл жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Жарыс барысында пара жүзуден 34 медаль, пара қол күресінен 11 медаль, пара үстел теннисінен 7 медаль, пара жеңіл атлетикадан 6 медаль және пара пауэрлифтингтен 6 медаль жеңіп алды.Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
https://sputnik.kz/20251124/qazaqstan-aziya-marafonynda-5-altyn-medal-zhenip-aldy-59037768.html
дубай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0e/59597501_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_0da29e5cff7f3c4668c096e36fad950d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дубай, жасөспірім, жүлде
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды
Бұл жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды туризм және спорт
министрлігі.
Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте қазақстандық команда 45 мемлекеттің ішінде 5-ші орынға тұрақтады.
Бұл жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Жарыс барысында пара жүзуден 34 медаль, пара қол күресінен 11 медаль, пара үстел теннисінен 7 медаль, пара жеңіл атлетикадан 6 медаль және пара пауэрлифтингтен 6 медаль жеңіп алды.
"Сонымен қатар голболдан ұлттық құрама алтын медальға, боччадан күміс медальға, ал пара таеквондодан бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді. Пара садақ атудан Қазақстан атынан бір спортшы қатысып, бұл спорт түрі бойынша жүлде тіркелген жоқ", - дейді ведомстводағылар.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары 10–13 желтоқсан аралығында Дубай қаласында өтті. Жарысқа 45 елден 1300-ден астам спортшы қатысып, 11 спорт түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынды.