Қазақстан Азия марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан байдарка және каноэден Азия марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан байдарка және каноэден Азия марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2025
Жазылу
Биылғы марафонға Азиядағы 13 мемлекеттен барлығы 250-ге жуық спортшы жиналды
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Қазақстан байдарка және каноэден Азия марафонында 5 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады спорт және туризм министрлігі.
Қытайдың Гонконг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының марафоны мәресіне жетті.
Жалпы 3 күнге созылған марафонда Қазақстан командасының спортшылары 5 алтын, 1 күміс пен 2 қола медаль иеленді.
Қазақстан қоржынындағы жүлделер:
Татьяна Токарницкая (байдарка):
3400 м - 1-орын
20 км - 1-орын
500 м - 1-орын
200 м - 1-орын
Тимофей Емельянов (каноэ):
3400 м - 2-орын
16 км 800 м - 1-орын
500 м - 3-орын
200 м - 3-орын
Гонконгқа Ұлттық құрама сапында екі ескек есу шебері аттанды. Биылғы марафонға Азиядағы 13 мемлекеттен барлығы 250-ге жуық спортшы жиналды.
Ислам ойындары аяқталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Спорт
Ислам ойындары аяқталды: қазақстандықтар 56 медаль жеңіп алды
Жаңалықтар
0