https://sputnik.kz/20251214/atyrau-oblysynda-qatty-dauyl-gimarat-shatyrlaryn-ushyryp-aketti-59597152.html
Атырау облысында қатты дауыл ғимарат шатырын ұшырып әкетті
Атырау облысында қатты дауыл ғимарат шатырын ұшырып әкетті
Sputnik Қазақстан
Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қатты дауыл мен екпінді желдің салдарынан бірнеше нысанның шатырлары ұшқан 14.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-14T13:23+0500
2025-12-14T13:23+0500
2025-12-14T13:33+0500
жел
шатыр
ғимарат
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0e/59596832_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_75d24e5966ec1ee9eca5665a7bf6ea9f.jpg
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Атырауда қатты соққан боран біраз мүлікті қиратып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қатты дауыл мен екпінді желдің салдарынан бірнеше нысанның шатырлары ұшқан, дейді төтенше жағдайлар департаменті.Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында ауылдық клуб ғимараты шатырының бір бөлігі ұшып кетті.Атырау қаласы Алмагүл ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатыр бөлігі қирады."Атырау қаласы Студенческая көшесінде орналасқан емхана ғимаратының шатыры, Владимирская көшесінде орналасқан облыстық перинаталдық орталықтың да шатыр бөлігі ұшып кетті", - дейді ТЖД.Махамбет ауданы Махамбет ауылында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатыр, емхана, осы аудандағы Алға селосындағы тұрғын үй зардап шекті. Мақат ауданы Байгетөбе ауылындағы ғимаратқа зақым келді.Зардап шеккендер тіркелген жоқ.
https://sputnik.kz/20251105/shatyr-qabyrshaqtangan-qazaqmysta-totenshe-zhagday-boldy-58479301.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/0e/59596832_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_26dbaa1f0cd066c226e4a79edbc6a463.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жел, шатыр, ғимарат
Атырау облысында қатты дауыл ғимарат шатырын ұшырып әкетті
13:23 14.12.2025 (жаңартылды: 13:33 14.12.2025) Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қатты дауыл мен екпінді желдің салдарынан бірнеше нысанның шатырлары ұшқан
АСТАНА, 14 желтоқсан - Sputnik. Атырауда қатты соққан боран біраз мүлікті қиратып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Атырау облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қатты дауыл мен екпінді желдің салдарынан бірнеше нысанның шатырлары ұшқан, дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында ауылдық клуб ғимараты шатырының бір бөлігі ұшып кетті.
"Сондай-ақ Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратының да шатыры ұшты. Осы аудандағы Ақкөл ауылында "ҚТЖ" АҚ филиалына тиесілі ғимараттың шатыры зақымданады", - дейді ведомстводағылар.
Атырау қаласы Алмагүл ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің шатыр бөлігі қирады.
"Атырау қаласы Студенческая көшесінде орналасқан емхана ғимаратының шатыры, Владимирская көшесінде орналасқан облыстық перинаталдық орталықтың да шатыр бөлігі ұшып кетті", - дейді ТЖД.
Махамбет ауданы Махамбет ауылында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатыр, емхана, осы аудандағы Алға селосындағы тұрғын үй зардап шекті. Мақат ауданы Байгетөбе ауылындағы ғимаратқа зақым келді.
Зардап шеккендер тіркелген жоқ.