Шатыр қабыршақтанған: "Қазақмыста" төтенше жағдай болды

Қазақмыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.11.2025
Жазылу
108-бис панелінің бұрын пысықталған камерасында шатырдың шамалы қабыршақтануы тіркелген
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Қазақмыс корпорациясына қатысты "Жомарт" кенішіндегі төтенше жағдай болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттың ақиқаты туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне компанияның өзі түсініктеме берді
3 қарашада сағат 12:00 шамасында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС "Q. I. Satbaev atyndagy Jezqazgan Tau-ken ondirisi" филиалының "Жомарт" кенішінде оқыс оқиға болды.

"108-бис панелінің бұрын пысықталған камерасында шатырдың шамалы қабыршақтануы тіркелген. Салдарынан тау массасының бір бөлігі үйінді бойымен көлік трассасы өтетін көрші камераға түсіп, автосамосвалдың корпусына тиді", - дейді "Қазақмыс" компанияның баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ, жабдықтар зақымданбаған.
Кеніштегі жұмыстар штаттық режимде жалғасып жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2025
"Қазақмыс" сирек кездесетін металдар елден экспортталады деген ақпаратты жоққа шығарды
Жаңалықтар
0