Астана - Фукуок рейсінің жолаушылары 2 сағат бойы бортта отырған

© Sputnik / Владислав ВодневПассажиры в салоне самолета, архивное фото
Пассажиры в салоне самолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2025
Жазылу
VietJet Air ұшағының уақыты 4 сағатқа кешіктірілді
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан - Sputnik. Астана - Фукуок рейсінің жолаушылары ұшардан бұрын бортта 2 сағат отырған.
Жалпы әуе кемесінің Фукуокқа ұшу уақыты 8 сағат. Бұл жолы VietJet Air ұшағы 4 сағатқа кешіктірілді. Sputnik Қазақстанға Астана әуежайы мәселені түсіндірді.
Ведомствоның мәліметінше, алдымен бортта техникалық ақаулық анықталып, ол жойылған. Содан кейін жолаушылардың бірі ауырып қалған. Ол рейстен түсірілген. Сондықтан командирдің сұрауымен ұшақ трапы қайта орнатылған.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2025
Ақтау мен Атырауда әуе рейстері кешігіп жатыр
Жаңалықтар
0