Ақтау мен Атырауда әуе рейстері кешігіп жатыр

© Photo : Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2025
Жазылу
Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын істеу мүмкін болмай жатқанына байланысты рейстер кешігіп жатыр
АСТАНА, 12 желтоқсан - Sputnik. "Air Astana" әуе компаниясы Ақтау және Атырау қалаларына және осы қалалардан ұшатын жолаушыларға шұғыл ақпарат таратты.
"Ақтау және Атыраудан және осы қалаларға ұшатын рейстер ауа райының бұзылуына және Ақтау, Атырауға ұшатын ұшақтарда мұзға қарсы өңдеу жұмыстарын істеу мүмкін болмай жатқанына байланысты кешігіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Компаниядағылар жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейс бойынша өзекті ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қосымшадан қарап алуды ұсынды.
Fly Arystan ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2025
Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты екі рейс кешікті
Жаңалықтар
0