Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері екі күнге жабылады

© Photo : Министерство транспорта КазахстанаКазахстанско-китайский автомобильный пункт пропуска "Нур жолы"
Казахстанско-китайский автомобильный пункт пропуска Нур жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Жазылу
Теміржол пункттері тәулік бойы жұмыс істейді
АСТАНА, 13 желтоқсан - Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасындағы барлық автомобиль өткізу пункттері екі күнге жабылады.
Қазақстан 16 желтоқсанда тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Осыған байланысты 16 және 17 желтоқсанда ЕАЭО кедендік шекарасының Қазақстан - Қытай учаскесіндегі автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп ескертті Ресей федералды кеден қызметі.
Мереке кезінде жабылатын кеден бекеттері:
- Бақты - Абай облысы;
- Майқапшағай - Шығыс Қазақстан облысы;
- Достық және Нұр Жол - Жетісу облысы;
- Қалжат - Алматы облысы.
Ал Жетісу облысындағы Достық және Алтынкөл теміржол өткізу пункттері тәулік бойы штаттық режимде жұмыс істейді.
Жүк көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2025
Ресейге өтетін шекара бекетінде 100-ге жуық көлік жиналды – себебі қандай
Жаңалықтар
0