Қарағанды облысында кафеде жарылыс болды - екі адам көз жұмып, он бірі зардап шекті

© Photo : МЧС КазахстанаПожар в Шахтинске
Пожар в Шахтинске - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген
АСТАНА, 13 желтоқсан - Sputnik. Қарағанды облысы Шет ауданындағы Мойынты станциясында кафеде газ баллоны жарылып, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде кафе толық отқа оранған. Бір қабатты ғимаратта газ баллоны жарылып, шамамен 200 шаршы метр аумақта жабын конструкциялары құлаған.
Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды. 11 адам аудандық ауруханаға жеткізілген.
300 шары метр аумақта өрт толықтай сөндірілді. Қазір үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Құтқарушылар зақымданған құрылымдарды тексеріп, қайта өртенудің алдын алу шараларын қабылдап жатыр", - делінген хабарламада.
Газ баллоны жарылысының алдын ала себебі — газбен жабдықтау жүйелерін, оның ішінде тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының бұзылуы.
Ожоговое отделение - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.05.2025
Павлодарда отбасы отырған такси өртенді
Жаңалықтар
0