https://sputnik.kz/20250525/pavlodarda-otbasy-otyrgan-taksi-ortendi-53866250.html
Павлодарда отбасы отырған такси өртенді
Павлодарда отбасы отырған такси өртенді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Павлодарда отбасы отырған көлік отқа оранып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 25.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-25T17:44+0500
2025-05-25T17:44+0500
2025-05-25T17:53+0500
павлодар
https://sputnik.kz/img/978/68/9786801_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_eece8c12a79a933447e681965f81bc42.jpg
АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Павлодарда отбасы отырған көлік отқа оранып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Қозғалыс кезінде өртенген көлікте ерлі-зайыпты мен екі баласы және көлік жүргізушісі болған. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіріп үлгерген."Жедел жәрдем қызметкерлері 5 адамға, оның ішінде екі балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Өрттен зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.Екі бала ауруханаға жатқызылды.Қыздардың 33 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатыр."Науқастың денесін 3-ші дәрежелі күйік шалған. Ал ер адамға 1-2 дәрежелі күю диагнозы қойылды. Өрттен қолы күйіп қалған", - дейді дәрігерлер. Ол амбулаториялық ем алады.
https://sputnik.kz/20230731/qostanay-oblysynda-butin-bir-otbasy-zhol-apatynan-qaytys-boldy--politsiya-undeu-zhariyalady-37173794.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/978/68/9786801_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_3cadacbceb3a46e65c14ae20eeee1aa9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар
Павлодарда отбасы отырған такси өртенді
17:44 25.05.2025 (жаңартылды: 17:53 25.05.2025) АЛМАТЫ, 25 мамыр - Sputnik. Павлодарда отбасы отырған көлік отқа оранып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қозғалыс кезінде өртенген көлікте ерлі-зайыпты мен екі баласы және көлік жүргізушісі болған.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіріп үлгерген.
"Жедел жәрдем қызметкерлері 5 адамға, оның ішінде екі балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Өрттен зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Екі бала ауруханаға жатқызылды.
"Екі жастағы қыздың беті, қолын I–II дәрежелі күйік шалған, жалпы денесінің 18%-і күйген. 9 жастағы қыз I–II–III дәрежелі күйік шалған. Беті-қолы күйген. Зақымдану аймағы – 7%. Екеуі де травматология бөлімшесіне жатқызылды", - дейді балалар ауруханасындағылар.
Қыздардың 33 жастағы анасы жансақтау бөлімінде жатыр.
"Науқастың денесін 3-ші дәрежелі күйік шалған. Ал ер адамға 1-2 дәрежелі күю диагнозы қойылды. Өрттен қолы күйіп қалған", - дейді дәрігерлер.
Ол амбулаториялық ем алады.