Мәжіліс депутаты мен Ресей елшісі стратегиялық серіктестік мәселесін талқылады

© Посольство России в Казахстане Посол РФ в Казахстане Алексей Бородавкин встретился в Астане с мажилисменом Сергеем Пономаревым
Посол РФ в Казахстане Алексей Бородавкин встретился в Астане с мажилисменом Сергеем Пономаревым - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2025
Жазылу
Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша практикалық ынтымақтастық орнатуға келісті
АЛМАТЫ, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мәселесін Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы, мәжіліс депутаты Сергей Пономарев пен Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин талқылады, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Алексей Бородавкин Сергей Пономаревпен Астанада кездесті.
"Елші бірлестіктердің қоғамдық белсенділігі ең алдымен қазақстандық-ресейлік жан-жақты стратегиялық серіктестікті және одақтастықты қарқынды дамытуға бағытталуы керек екеніне сенім білдірді", – делінген хабарламада.
Сұхбаттасушылар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша, оның ішінде Ресей ғылым және мәдениет орталығын тарту арқылы практикалық ынтымақтастық орнатуға келісті
Кездесу достық және сенімді атмосферада өтті.
Президент Касым-Жомарт Токаев принял посла России в Казахстане Алексея Бородавкина - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта дамып жатыр – Тоқаев
Жаңалықтар
0