https://sputnik.kz/20251212/aqmola-oblysynda-erkin-zhynystyq-qatynasty-nasikhattagan-dini-top-anyqtaldy-59544503.html
Қылмыстық топ жаңа босанған әйелдерді балаларын сатуға итермелеген
Қылмыстық топ жаңа босанған әйелдерді балаларын сатуға итермелеген
Sputnik Қазақстан
Қылмысты ұйымдастырушылар осы іске қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді көндірген 12.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-12T10:23+0500
2025-12-12T10:23+0500
2025-12-12T12:27+0500
полиция
қылмыс
дін
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.Іс-шара аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесілді: барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты.Ведомство хабарлауынша, барлық қатысушы ұсталып, 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр.Сонымен қатар Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау фактісі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберіліп жатыр. Астанада азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр."Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды. Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын "рухани орталық" ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды", - деп жазылған хабарламада.
https://sputnik.kz/20251201/astanada-94-pater-zansyz-satylgany-anyqtaldy--ush-adam-ustaldy-59257245.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, қылмыс, дін
Қылмыстық топ жаңа босанған әйелдерді балаларын сатуға итермелеген
10:23 12.12.2025 (жаңартылды: 12:27 12.12.2025) Қылмысты ұйымдастырушылар осы іске қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді көндірген
АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Іс-шара аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесілді: барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты.
"Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді. Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген", - дейді полицейлер.
Ведомство хабарлауынша, барлық қатысушы ұсталып, 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Сонымен қатар Абай облысында азаматтарды мәжбүрлі еңбекке тартып, қанау фактісі анықталды. 11 қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жіберіліп жатыр. Астанада азаматтарды сексуалдық мақсатта пайдалануға арналған притондарды ұйымдастыру және ұстау бойынша сегіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
"Ақмола облысында діни топтың әрекеті тоқтатылды. Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын "рухани орталық" ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды", - деп жазылған хабарламада.