https://sputnik.kz/20251201/astanada-94-pater-zansyz-satylgany-anyqtaldy--ush-adam-ustaldy-59257245.html
Астанада 94 пәтер заңсыз сатылғаны анықталды – үш адам ұсталды
Астанада 94 пәтер заңсыз сатылғаны анықталды – үш адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Елордада 8 млрд теңге жымқырған жалған құрылыс компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр 01.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-01T11:02+0500
2025-12-01T11:02+0500
2025-12-01T11:02+0500
астана
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854152_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_5e296b559eb89434ef42cb8312c2b9e6.jpg
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқырғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Құрылыс компаниясы сатып алушыларға алатын үйлерінің макеттерін, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамаларын көрсеткен.Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді."Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жеке шоттарға аударған. ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген. Салдарынан азаматтардың 3,8 млрд теңгеден астам қаражаты жымқырылған", - дейді ведомство.Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған.Азаматтарға жалпы көлемі 7,9 млрд теңге шығын келтірілді.Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке бұғау салынды. Үш күдікті қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20251104/almatyda-qurylys-kezinde-zan-buzgandarga-28-mln-tenge-ayyppul-salyndy-58441478.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854152_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_a8ca607b8c8f6de6e82b5e4b394a2dc8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, құрылыс
Астанада 94 пәтер заңсыз сатылғаны анықталды – үш адам ұсталды
Елордада 8 млрд теңге жымқырған жалған құрылыс компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. "Qyran" тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату желеуімен ақша қаражатын жымқырғандарға қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Құрылыс компаниясы сатып алушыларға алатын үйлерінің макеттерін, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамаларын көрсеткен.
"Азаматтарға пәтерлерді, коммерциялық үй-жайларды және паркинг орындарын нарықтық бағадан төмен сатып алу ұсынылып, мәмілелердің толық заңды екені айтылған", - дейді агенттік.
Алайда сатып алу-сату шарттарын жасау орнына күдіктілер брондау шарттарын, кепіл туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұл құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға меншік құқығын бермейді.
"Жәбірленушілер төлемді қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жеке шоттарға аударған. ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік құжаттарында бұл операциялар көрсетілмеген. Салдарынан азаматтардың 3,8 млрд теңгеден астам қаражаты жымқырылған", - дейді ведомство.
Бұдан бөлек, күдіктілер құрылыс компаниясының қаражатын ұрлауға бағытталған екінші алаяқтық схеманы жүзеге асырған.
"Құрылыс компанияның атынан клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасап, объектілерге меншік құқықтарын тіркеген, алайда сатудан түскен қаражат компанияның кассасына түспеген. 76 жылжымайтын мүлік объектісі сатылып, 4,1 млрд теңге жымқырылған", - дейді агенттік.
Азаматтарға жалпы көлемі 7,9 млрд теңге шығын келтірілді.
Сот санкциясымен 94 пәтерге, 51 паркинг орнына, 8 коммерциялық үй-жайға және бір автокөлікке бұғау салынды. Үш күдікті қамауға алынды.