https://sputnik.kz/20251211/euraziya-aymagynda-ozara-investitsiya-rekordtyq-484-mlrd-dollarga-zhetti-59527345.html
Еуразия аймағында өзара инвестиция рекордтық 48,4 млрд долларға жетті
Еуразия аймағында өзара инвестиция рекордтық 48,4 млрд долларға жетті
Sputnik Қазақстан
Орталық Азияда Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр 11.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-11T22:49+0500
2025-12-11T22:49+0500
2025-12-11T22:49+0500
инвестиция
қазақстан
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22808598_0:625:2048:1777_1920x0_80_0_0_22f5c4e375f096b5a2e96899a6b93929.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Еуразия аймағында инвестициялық белсенділік артып келе жатқанын мәлімдеді.2025 жылы жинақталған өзара тікелей шетелдік инвестиция 48,4 миллиард долларға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артты.Орталық Азияда өңірішілік инвестиция қарқынды өсіп жатыр – 2023 жылмен салыстырғанда 42%-ға, 1,3 млрд долларға дейін артты. Оның 80%-ы құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және қаржы секторына тиесілі.Өңірдегі ең ірі ойыншылар – Қазақстан мен Өзбекстан. Қазақстан 9,4 млрд доллар көлемінде кіріс инвестициясын тартса, Өзбекстанда бұл көрсеткіш 10,7 млрд доллар болды."Инвестицияның өсуіне Қазақстанның инвестициялық жағдайды жақсарту стратегиясы және Өзбекстанның шетелдік инвесторларға қолдау көрсету саясаты себеп болды", – деді сарапшы.
https://sputnik.kz/20251128/shveytsariya-qazaqstanga-zhiyrma-zhylda-358-mlrd-dollar-investitsiya-quydy-59207231.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22808598_0:433:2048:1969_1920x0_80_0_0_d8e84c6710f63cba4300cde12a860491.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция, қазақстан, өзбекстан
инвестиция, қазақстан, өзбекстан
Еуразия аймағында өзара инвестиция рекордтық 48,4 млрд долларға жетті
Орталық Азияда Қазақстан мен Өзбекстан көш бастап тұр
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Еуразия аймағында инвестициялық белсенділік артып келе жатқанын мәлімдеді.
2025 жылы жинақталған өзара тікелей шетелдік инвестиция 48,4 миллиард долларға жетіп, 2023 жылмен салыстырғанда 6,4% артты.
"Өсімнің негізгі драйвері – жеке бизнес. Инвестициядағы оның үлесі 72%-ға дейін өсті. Тікелей шетелдік инвестицияның жалпы көлемі – 34,7 млрд доллар. Инвестиция шикізат секторынан өңдеу өнеркәсібіне ауысып жатыр, соңғы бір жарым жылда өңдеу өнеркәсібіне құйылған қаражат 1,5 млрд долларға артты", – деп хабарлады банктің аналитиктері.
Орталық Азияда өңірішілік инвестиция қарқынды өсіп жатыр – 2023 жылмен салыстырғанда 42%-ға, 1,3 млрд долларға дейін артты. Оның 80%-ы құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және қаржы секторына тиесілі.
Өңірдегі ең ірі ойыншылар – Қазақстан мен Өзбекстан. Қазақстан 9,4 млрд доллар көлемінде кіріс инвестициясын тартса, Өзбекстанда бұл көрсеткіш 10,7 млрд доллар болды.
"48 млрд доллардан асатын жинақталған өзара тікелей шетелдік инвестиция – барлық уақыттағы абсолютті рекорд. Әсіресе Орталық Азия ішіндегі өзара инвестиция өте жылдам өсіп келеді. Кейінгі бес жылда Орталық Азиядағы өзара инвестицияның орташа жылдық өсім қарқыны 24,4% болды, бұл Еуразия аймағының жалпы көрсеткішінен бірнеше есе жоғары", – деді ЕАДБ бас экономисі Евгений Винокуров.
"Инвестицияның өсуіне Қазақстанның инвестициялық жағдайды жақсарту стратегиясы және Өзбекстанның шетелдік инвесторларға қолдау көрсету саясаты себеп болды", – деді сарапшы.