https://sputnik.kz/20251211/abay-oblysynda-turgyndardan-zhalgan-qurylys-ushin-aqsha-algandar-ashkere-boldy-59515982.html
Абай облысында тұрғындардан жалған құрылыс үшін ақша алғандар әшкере болды
Абай облысында тұрғындардан жалған құрылыс үшін ақша алғандар әшкере болды
Sputnik Қазақстан
Олар азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тартқан 11.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-11T11:03+0500
2025-12-11T11:03+0500
2025-12-11T11:15+0500
құрылыс
алаяқтық
сот
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Абай облысында "Dala SK Construction" ЖШС мен оған байланысы бар бірқатар компанияның басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.Олар азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тартқан.Елдің қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны және пайызсыз бөліп төлеу ұсынылатыны туралы жарнамалар жарияланған."Алайда "Irtysh Riverside" тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің ғана қаңқасы тұрғызылған. Былтыр қазанда "Dala SK Construction" серіктестігіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің үш бабы бойынша: заңсыз құрылыс, жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылыс, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет пен хабарлама жіберместен әрекет жасау әкімшілік жаза қолданылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды", - дейді агенттіктегілер.Бірақ сот шешіміне қарамастан, компания басшылығы жоба сәтті жүзеге асып жатқандай көрініс жасап, азаматтарды алдауды жалғастырған. Жаңа сатып алушыларды тарту үшін пәтерлердің сатылымы мен бөліп төлеу жөніндегі жарнамалар жалғаса берген.Салдарынан 64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Түскен қаражат Өскемен қаласындағы басқа да байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, онда да заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілген.Залалды өтеу және үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында күдіктілердің мүлкіне — 2 пәтерге, 10 жер учаскесіне және 6 автокөлікке тыйым салынды.Ұйымдастырушы қамауға алынды.
https://sputnik.kz/20251117/toykhanany-zheke-menshik-mektepke-aynaldyrgandardyn-areketi-ashkere-boldy-58852897.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, алаяқтық, сот
Абай облысында тұрғындардан жалған құрылыс үшін ақша алғандар әшкере болды
11:03 11.12.2025 (жаңартылды: 11:15 11.12.2025) Олар азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тартқан
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Абай облысында "Dala SK Construction" ЖШС мен оған байланысы бар бірқатар компанияның басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Олар азаматтардың қаражатын үлестік құрылыс ретінде заңсыз тартқан.
"Екі жыл бойы компания басшылығы қажетті рұқсат беру құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз тұрғын үй кешендерін салумен айналысқан", - дейді ведомстводағылар.
Елдің қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны және пайызсыз бөліп төлеу ұсынылатыны туралы жарнамалар жарияланған.
"Алайда "Irtysh Riverside" тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің ғана қаңқасы тұрғызылған. Былтыр қазанда "Dala SK Construction" серіктестігіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің үш бабы бойынша: заңсыз құрылыс, жобалық-сметалық құжаттамасыз құрылыс, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызмет пен хабарлама жіберместен әрекет жасау әкімшілік жаза қолданылып, құрылыс жұмыстары тоқтатылды", - дейді агенттіктегілер.
Бірақ сот шешіміне қарамастан, компания басшылығы жоба сәтті жүзеге асып жатқандай көрініс жасап, азаматтарды алдауды жалғастырған. Жаңа сатып алушыларды тарту үшін пәтерлердің сатылымы мен бөліп төлеу жөніндегі жарнамалар жалғаса берген.
Салдарынан 64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асты. Түскен қаражат Өскемен қаласындағы басқа да байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, онда да заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Залалды өтеу және үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында күдіктілердің мүлкіне — 2 пәтерге, 10 жер учаскесіне және 6 автокөлікке тыйым салынды.
Ұйымдастырушы қамауға алынды.