Ұшақ Ақтөбеге оралды: дәрігерлер жолаушының өмірін құтқара алмады

© Photo : пресс-служба авиакомпании SCAT Самолет авиакомпании SCAT
Самолет авиакомпании SCAT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2025
Жазылу
Жолаушыға көмек көрсету үшін барлық шара қабылданды
АСТАНА, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеден Алматыға ұшқан ұшақ әуежайға қайта оралды, себебі жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлаған, деп хабарлады SCAT әуе компан
"Ақтөбе - Алматы DV712 рейсін орындау кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы кенеттен нашарлаған. Экипаж дереу медициналық хабарлама жасап, алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті", - делінген хабарламада.
Медициналық дайындықтан өткен жолаушылар, соның ішінде кардиолог көмек көрсетуге кіріскен. Олар стюардессалармен бірге реанимацияны бастаған.
"Әуе кемесінің командирі мүмкіндігінше қысқа мерзімде қонуды қамтамасыз етіп, әуежайға қайту туралы жедел шешім қабылдады", - дейді компания.
Қонғаннан кейін жолаушы бірден жедел жәрдем дәрігерлеріне берілген.
Өкінішке қарай, жолаушыны құтқару мүмкін болмады, деп атап өтті компания.
Интерн Медицинского университета Астаны Динмухамед Бектурган - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2025
Ұшақта адам құтқарған студент оқу ақысына ақша шығармайтын болды
Жаңалықтар
0