Ресей Қазақстан мен Қырғызстаннан тауарларды оңайлатып әкелу уақытын ұзартты

Фуры - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2025
Жазылу
Ол бұрын 10 желтоқсанға дейін болған
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Ресейге тауарларды Қазақстан мен Қырғызстаннан автомобиль көлігімен әкелу уақытын 25 желтоқсанға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Тиісті құжат құқықтық актілерді ресми жариялау сайтында орналастырылды.
"Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасының Ресей - Қазақстан учаскесіндегі кедендік реттеудің ерекшеліктері туралы" Ресей Федерациясы президентінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 778 жарлығына өзгеріс енгізілсін... 1-тармақтағы "2025 жылғы 10 желтоқсанға дейін" деген сөз "2025 жылғы 25 желтоқсанды қоса алғанда" деген сөздермен өзгертілсін", - делінген жарлықта.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгалан бастаған парламенттік делегация Қазақстанға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы жеті айда 74 млн долларға жетті
Жаңалықтар
0