https://sputnik.kz/20250906/qazaqstan-men-mongoliya-arasyndagy-tauar-aynalymy-zheti-ayda-74-mln-dollarga-zhetti-56860267.html
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы жеті айда 74 млн долларға жетті
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы жеті айда 74 млн долларға жетті
Sputnik Қазақстан
Қазақстаннан Моңғолияға экспорт көлемі 71,5 млн долларға жетіп отыр 06.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-06T10:33+0500
2025-09-06T10:33+0500
2025-09-06T10:33+0500
моңғолия
https://sputnik.kz/img/07e9/09/06/56860103_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_76eb90f625d587b59ead1be1b10d4779.jpg
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қазақстан–Моңғолия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті.Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгалан бастаған парламенттік делегацияның сапары ерекше мәнге ие. Бұл – жиырма жылдан астам уақыттан кейінгі ең жоғары деңгейдегі алғашқы ресми сапар.Кеңестің күн тәртібінде ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары қаралды. Екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қалпына келтіру, жаңа тікелей рейстер ашу және автомобиль жолын салу жоспарланып отыр. Бұл қадам Орталық және Шығыс Азия әлеуетін өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім өндіру бойынша бірлескен жобаларға жол ашылады. Сонымен қатар ғылым мен білім саласындағы әріптестікке ерекше назар аударылды.Қазақстан Моңғолия азаматтарына білім гранттарын ұсынуға, инженерлік, IT және басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлауға дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, тараптар тау-кен өнеркәсібі мен энергетика салаларындағы ынтымақтастықты да талқылады.2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 74 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артты. Қазақстаннан Моңғолияға экспорт көлемі 71,5 млн долларға жетті. Экспортталатын негізгі тауарлар – қайта өңделген және ауыл шаруашылығы өнімдері.
https://sputnik.kz/20250905/toqaev-mongoliya--aziyadagy-senimdi-ari-manyzdy-seriktesimiz-56847684.html
моңғолия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/06/56860103_182:0:1142:720_1920x0_80_0_0_e887907c924308649e180ee565ccfd65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
моңғолия
Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы жеті айда 74 млн долларға жетті
Қазақстаннан Моңғолияға экспорт көлемі 71,5 млн долларға жетіп отыр
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қазақстан–Моңғолия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті.
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралының Төрағасы Дашзэгвийн Амарбаясгалан бастаған парламенттік делегацияның сапары ерекше мәнге ие. Бұл – жиырма жылдан астам уақыттан кейінгі ең жоғары деңгейдегі алғашқы ресми сапар.
"Халықтарымыз ғасырлар бойы достықты, өзара түсіністікті сақтап келеді. Бүгінде осы мұраны жаңа мазмұнмен байытып, ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар", — деді Серік Жұманғарин.
Кеңестің күн тәртібінде ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттары қаралды. Екі елдің астаналары арасында әуе қатынасын қалпына келтіру, жаңа тікелей рейстер ашу және автомобиль жолын салу жоспарланып отыр. Бұл қадам Орталық және Шығыс Азия әлеуетін өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім өндіру бойынша бірлескен жобаларға жол ашылады. Сонымен қатар ғылым мен білім саласындағы әріптестікке ерекше назар аударылды.
Қазақстан Моңғолия азаматтарына білім гранттарын ұсынуға, инженерлік, IT және басқа да сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлауға дайын екенін жеткізді. Бұдан бөлек, тараптар тау-кен өнеркәсібі мен энергетика салаларындағы ынтымақтастықты да талқылады.
2025 жылдың қаңтар–шілде айларында Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тауар айналымы 74 млн долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артты. Қазақстаннан Моңғолияға экспорт көлемі 71,5 млн долларға жетті. Экспортталатын негізгі тауарлар – қайта өңделген және ауыл шаруашылығы өнімдері.