Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украина халқы АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын қолдайтынына сенімді

© AP Photo / Manuel Balce CenetaДональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2025
Жазылу
Дональд Трамп АҚШ Украинадағы қақтығысты шешу үшін Владимир Зеленскийді қоса алғанда, Украина көшбасшыларымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты өзі ойлағаннан оңайырақ шешуге болады деп болжағанын, бірақ іс жүзінде оны "ауыр" деп атады, деп хабарлады РИА Новости.
"Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу мен бұл сәл оңайырақ болады деп ойладым... Бірақ бұл өте ауыр қақтығыс", - деді Трамп Кеннеди орталығында.
Дональд Трамп АҚШ Украинадағы қақтығысты шешу үшін Владимир Зеленскийді қоса алғанда, Украина көшбасшыларымен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бірақ Ақ үй басшысы бұл тағы қандай "көшбасшылар" екенін нақтыламады.
АҚШ президенті Ресей мен Украина халқы Украинадағы қақтығысты шешу үшін АҚШ ұсынған шарттарды қолдайды деп сенетінін мәлімдеді.
"Менің ойымша, Ресей қарсы емес. Бірақ Зеленскийдің бұған жоспарға келісетініне сенімді емеспін. Оның халқы қолдайды, бірақ ол өзі ұсынысты әлі оқыған жоқ. Сондықтан бір күні ол маған мұның себебін түсіндіреді", - деді Трамп Джон Кеннеди атындағы өнер орталығында тілшілерге.
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығыстың тез арада шешілуіне үміттенетінін айтты
Жаңалықтар
0