https://sputnik.kz/20251205/tramp-ukrainadagy-qaqtygystyn-tez-arada-sheshiluine-umittenetinin-aytty-59388125.html
Трамп Украинадағы қақтығыстың тез арада шешілуіне үміттенетінін айтты
Трамп Украинадағы қақтығыстың тез арада шешілуіне үміттенетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Украинадағы қақтығыстың аяқталуына мүдделі екеніне сенім білдірген болатын 05.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-05T22:53+0500
2025-12-05T22:53+0500
2025-12-05T22:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/08/58561291_0:0:3071:1727_1920x0_80_0_0_c237009adce6cffc47ec09c043dea0b5.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың шешілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Трамп бұған дейін АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін өте көп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген болатын.Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Украинадағы қақтығыстың аяқталуына мүдделі екеніне сенім білдірген болатын.Қараша айының соңында Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ұсыныс әзірленгенін жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жоспарға Донбасстағы аумақты Мәскеудің бақылауына беру, оны және Қырымды Ресей аумағы ретінде ресми түрде тану, Запорожье және Херсон облыстарындағы қақтығыс желісінің көп бөлігін тоқтата тұру, Украина Қарулы күштерін екі есеге қысқарту және Ресейге терең шабуыл жасай алатын шетелдік әскер мен қару-жарақты орналастыруға тыйым салу кіреді.Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бастапқы бейбітшілік жоспары болашақ келісімдерге негіз болуы мүмкін, бірақ әрбір тармақ алдын ала мұқият пысықталуы керек. Ол арнайы әскери операция мақсаттарына жақындатып жатқандықтан қақтығыс даласындағы жағдай жалпы Ресейге қолайлы екенін, бірақ ел келіссөздерге және қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ашық екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/08/58561291_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_f07b009867412dbaa3bf1306c6bf1a97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Трамп Украинадағы қақтығыстың тез арада шешілуіне үміттенетінін айтты
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Украинадағы қақтығыстың аяқталуына мүдделі екеніне сенім білдірген болатын
АСТАНА, 5 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың шешілуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
Трамп бұған дейін АҚШ Украинадағы қақтығысты тоқтату үшін өте көп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген болатын.
"Мен сегіз соғысты реттедім, тоғызыншысы да шешілейін деп жатыр", - деді Трамп 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде тілшілерге.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Украинадағы қақтығыстың аяқталуына мүдделі екеніне сенім білдірген болатын.
Қараша айының соңында Ақ үй Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша ұсыныс әзірленгенін жариялады. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жоспарға Донбасстағы аумақты Мәскеудің бақылауына беру, оны және Қырымды Ресей аумағы ретінде ресми түрде тану, Запорожье және Херсон облыстарындағы қақтығыс желісінің көп бөлігін тоқтата тұру, Украина Қарулы күштерін екі есеге қысқарту және Ресейге терең шабуыл жасай алатын шетелдік әскер мен қару-жарақты орналастыруға тыйым салу кіреді.
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың бастапқы бейбітшілік жоспары болашақ келісімдерге негіз болуы мүмкін, бірақ әрбір тармақ алдын ала мұқият пысықталуы керек. Ол арнайы әскери операция мақсаттарына жақындатып жатқандықтан қақтығыс даласындағы жағдай жалпы Ресейге қолайлы екенін, бірақ ел келіссөздерге және қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ашық екенін айтты.