Тоқаев пен Сағынтаев ЕАЭО-ны одан әрі даму перспективасын талқылады

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2025
Жазылу
Мемлекет басшысына биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді
АСТАНА, 8 желтоқсан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.
"Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2025
ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөзді бастады
Жаңалықтар
0