ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөзді бастады

© PhotoФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2025
Жазылу
Тараптар алдағы бірлесе атқарылатын жұмыстарды келісіп алды
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Өткен аптада Нью-Делиде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері мен Үндістан Республикасы арасында еркін сауда аймағы туралы келіссөздердің алғашқы раунды өтті.
Еуразиялық экономикалық комиссияның хабарлауынша, тараптар келісімнің реттеу бөлігін талқылады, болашақ тарифтік келісімнің өлшемдерін анықтап, әрі қарайғы іс-қимылдарды келісіп алды.
"Раунд барысында ЕАЭО және Үндістан келіссөз топтары сындарлы тәсіл мен практикалық нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсетті. Өз тарапымыздан "fast track" режимінде жұмыс істеуге дайын екенімізді растаймыз", — деді ЕЭК сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Сондай-ақ комиссия 2026 жылдың ақпан айына жоспарланған келіссөздің келесі кезеңінде негізгі тауарлар тізімі бойынша мазмұнды талқылау күтетінін мәлімдеді.
ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісімді талқылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісімді талқылады
Жаңалықтар
0