ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісімді талқылады

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісімді талқылады
ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісімді талқылады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта преференциялық сауда келісімін жасасу жөніндегі келіссөздердің бірінші раундын өткізуге белсенді дайындық жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 14 қараша - Sputnik. ЕАЭО мен Үндістан еркін сауда туралы келісім бойынша жұмысты талқылады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
"Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Раджеш Агравалмен кездесу өткізді", - делінген хабарламада.
Тараптар қолда бар сауда әлеуетін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан арасындағы еркін сауда туралы келісім бойынша бірлескен жұмысты талқылады.
"Біз болашақ сауда мәмілесінің екі тарап үшін де ерекше маңыздылығын көріп отырмыз. Қысқа мерзімде өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізуге ұмтылатын боламыз", - деп атап өтті ЕЭК министрі.
Қазіргі уақытта преференциялық сауда келісімін жасасу жөніндегі келіссөздердің бірінші раундын өткізуге белсенді дайындық жүріп жатыр.
Токаев ознакомился с ходом уборочной кампании в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.11.2025
ЕАЭО елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы 10,2%-ға өсті
Жаңалықтар
0