https://sputnik.kz/20251208/eldegi-500-ge-zhuyq-kasiporyn-zhumysshylarga-26-mlrd-tenge-zhalaqy-qaryz-bolgan-59429677.html
Елдегі 500-ге жуық кәсіпорын жұмысшыларға 2,6 млрд теңге жалақы қарыз болған
Елдегі 500-ге жуық кәсіпорын жұмысшыларға 2,6 млрд теңге жалақы қарыз болған
Sputnik Қазақстан
Жалақы бойынша берешегі анықталған кәсіпорындардың басшыларына 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды 08.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-08T09:50+0500
2025-12-08T09:50+0500
2025-12-08T09:51+0500
жалақы
еңбек
жұмысшылар
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34621354_0:321:3068:2047_1920x0_80_0_0_f4795b73fe94b65f5512c7f872fd5af0.jpg
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстандағы жұмысшыларға жалақы берешегі және еңбек құқығының бұзылуы бойынша фактілерді анықтады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлауынша, 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды және оларға 2,2 млрд теңге төленді.Мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізіп, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде:Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
https://sputnik.kz/20250918/aqmola-oblysynda-kasiporyn-zhumysshylarga-12-mln-tenge-koleminde-zhalaqy-tolemegen-57174368.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34621354_260:0:2989:2047_1920x0_80_0_0_a65b7be28247853c20b21d465b121e16.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, еңбек, жұмысшылар
жалақы, еңбек, жұмысшылар
Елдегі 500-ге жуық кәсіпорын жұмысшыларға 2,6 млрд теңге жалақы қарыз болған
09:50 08.12.2025 (жаңартылды: 09:51 08.12.2025) Жалақы бойынша берешегі анықталған кәсіпорындардың басшыларына 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды
АСТАНА, 8 желтоқсан – Sputnik. Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстандағы жұмысшыларға жалақы берешегі және еңбек құқығының бұзылуы бойынша фактілерді
анықтады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлауынша, 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды.
"Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды және оларға 2,2 млрд теңге төленді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізіп, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 495;
халықты жұмыспен қамту бойынша – 45.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.