Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшыларға 12 млн теңге көлемінде жалақы төлемей келген

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Жазылу
Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, бірнеше күн ішінде жалақы бойынша берешек толық өтелді
АСТАНА, 18 қыркүйек — Sputnik. Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 33 азаматқа жалақы бойынша берешек өтелді, деп хабарлады бас прокуратура.
Есіл ауданы прокуратурасымен әлеуметтік жағдайды бақылау барысында кәсіпорынның бірінде 33 қызметкеріне жалпы сомасы 12 млн теңгеге жуық жалақының төленбеу фактісі анықталды.
Аудан прокуроры жедел шаралар қабылдап, бірнеше күн ішінде жалақы бойынша берешек толық өтелді.
Аудан прокуратурасы осындай жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жалғастырып жатыр, дейді ведомстводағылар.
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2025
Орташа жалақы 2028 жылға қарай 605 мың теңгеге дейін өседі – министрлік
Жаңалықтар
0