https://sputnik.kz/20251207/qazaqstan-men-ozbekstan-poyyz-almasu-kolemin-35-zhupqa-deyin-arttyruga-kelisti-59418583.html
Қазақстан мен Өзбекстан пойыз алмасу көлемін 35 жұпқа дейін арттыруға келісті
Қазақстан мен Өзбекстан пойыз алмасу көлемін 35 жұпқа дейін арттыруға келісті
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек тәулігіне кемінде 10 астық тиелген құрамды және 5 жабық вагондағы азық-түлік тауарларын қабылдап отыруға уағдаласты 07.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-07T18:30+0500
2025-12-07T18:30+0500
2025-12-07T21:23+0500
қазақстан
өзбекстан
пойыз
https://sputnik.kz/img/183/28/1832839_0:38:705:435_1920x0_80_0_0_2d120dc2f1fc86f9bf8751073c2d6d3a.jpg
АСТАНА, 7 желтоқсан - Sputnik. Көлік саласындағы Қазақстан делегациясы "Сарыағаш" мемлекетаралық теміржол түйісу пунктінде және Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен көпжақты кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар "Сарыағаш" МТТП арқылы астық өнімдерін Орталық Азияға және Ауғанстан бағыты бойынша үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге қатысты бірлескен шешімдерге келді.Сонымен қатар, тараптар вагон айналымын қамтамасыз ету мақсатында жүк түсіру жұмыстарының, кірме жолдар қызметінің және уәкілетті органдардың демалыс және мереке күндерін қоса алғанда тәулік бойы жұмыс істеуінің маңыздылығын айтты.Бұдан бөлек, жүк тиеу және түсіру тепе-теңдігін сақтау мақсатында астық тасымалы экспортын Өзбекстан аумағындағы қабылдаушы кәсіпорындардың бос қуаттарын ескере отырып жоспарлау, сондай-ақ бос вагондардың келісілген айналымын қамтамасыз ету жөнінде келісімге қол жеткізілді.
https://sputnik.kz/20251113/astana--zhezqazgan-bagytyndagy-talgo-poyyzy-qyzylordaga-deyin-uzartylady-58730928.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/183/28/1832839_39:0:667:471_1920x0_80_0_0_00cb3ca41e4b7f0e1e58d47f043cfd8b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзбекстан, пойыз
қазақстан, өзбекстан, пойыз
Қазақстан мен Өзбекстан пойыз алмасу көлемін 35 жұпқа дейін арттыруға келісті
18:30 07.12.2025 (жаңартылды: 21:23 07.12.2025) Бұдан бөлек тәулігіне кемінде 10 астық тиелген құрамды және 5 жабық вагондағы азық-түлік тауарларын қабылдап отыруға уағдаласты
АСТАНА, 7 желтоқсан - Sputnik. Көлік саласындағы Қазақстан делегациясы "Сарыағаш" мемлекетаралық теміржол түйісу пунктінде және Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдарымен көпжақты кездесу өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар "Сарыағаш" МТТП арқылы астық өнімдерін Орталық Азияға және Ауғанстан бағыты бойынша үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге қатысты бірлескен шешімдерге келді.
"Кездесу қорытындысы бойынша тәулігіне пойыз алмасу көлемін 35 жұпқа дейін арттыруға, сондай-ақ өзбек тарапымен тәулігіне кемінде 10 астық тиелген құрамды және 5 жабық вагондағы азық-түлік тауарларын қабылдап отыруға уағдаласты", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, тараптар вагон айналымын қамтамасыз ету мақсатында жүк түсіру жұмыстарының, кірме жолдар қызметінің және уәкілетті органдардың демалыс және мереке күндерін қоса алғанда тәулік бойы жұмыс істеуінің маңыздылығын айтты.
Бұдан бөлек, жүк тиеу және түсіру тепе-теңдігін сақтау мақсатында астық тасымалы экспортын Өзбекстан аумағындағы қабылдаушы кәсіпорындардың бос қуаттарын ескере отырып жоспарлау, сондай-ақ бос вагондардың келісілген айналымын қамтамасыз ету жөнінде келісімге қол жеткізілді.